https://sputnik.kz/20250825/zhaponiya-qazaqstandagy-yadrolyq-synaqtardan-zardap-shekkenderge-74-mln-dollar-boledi-56590541.html
Жапония Қазақстандағы ядролық сынақтардан зардап шеккендерге 7,4 млн доллар бөледі
Жапония Қазақстандағы ядролық сынақтардан зардап шеккендерге 7,4 млн доллар бөледі
Sputnik Қазақстан
Бұл көмек қайтарымсыз негізде бөлінеді 25.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-25T22:37+0500
2025-08-25T22:37+0500
2025-08-25T22:37+0500
қазақстан
жапония
https://sputnik.kz/img/07e9/08/19/56579253_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_485fd468ddac8166454809515b5ebc47.jpg
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жапонияның Сыртқы істер министрі Такеши Иваяны қабылдады.Тараптар экономикадан бастап бірлескен іс-шараларға дейінгі бірқатар мәселені талқылады. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Жапония Қазақстанға ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек ретінде қайтарымсыз негізде грант ретінде 7,4 миллион доллар бөледі.Шарада Мұрат Нұртілеу Такеши Иваяның сапары 29 тамызда атап өтілетін Семей ядролық полигонының жабылу мерейтойымен тұспа-тұс келгенін, сондай-ақ 2025 жылы Хиросима мен Нагасакидегі қайғылы оқиғаға 80 жыл толатынын айтты.Сондай-ақ тараптар "Орталық Азия + Жапония" форматындағы саммитке дайындықты жеделдету туралы келісті. Саммит бір жыл бұрын өтуі керек еді, бірақ Жапониядағы жер сілкінісіне байланысты кейінге қалдырылды. Енді тараптар саммитті мүмкіндігінше тезірек өткізуге ниетті, деп мәлімдеді Жапония СІМ басшысы.Сонымен қатар Токио мен Алматы арасында тікелей әуе қатынасы 2026 жылдың көктемінде ашылатынын тағы нақтылады.
https://sputnik.kz/20250825/toqaev-zhaponiyanyn-syrtqy-ister-ministrin-qabyldady-56587563.html
қазақстан
жапония
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/19/56579253_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_edbd583340cfe1da97a7cb17131f946e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, жапония
Жапония Қазақстандағы ядролық сынақтардан зардап шеккендерге 7,4 млн доллар бөледі
Бұл көмек қайтарымсыз негізде бөлінеді
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жапонияның Сыртқы істер министрі Такеши Иваяны қабылдады.
Тараптар экономикадан бастап бірлескен іс-шараларға дейінгі бірқатар мәселені талқылады. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Жапония Қазақстанға ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек ретінде қайтарымсыз негізде грант ретінде 7,4 миллион доллар бөледі.
Шарада Мұрат Нұртілеу Такеши Иваяның сапары 29 тамызда атап өтілетін Семей ядролық полигонының жабылу мерейтойымен тұспа-тұс келгенін, сондай-ақ 2025 жылы Хиросима мен Нагасакидегі қайғылы оқиғаға 80 жыл толатынын айтты.
Сондай-ақ тараптар "Орталық Азия + Жапония" форматындағы саммитке дайындықты жеделдету туралы келісті. Саммит бір жыл бұрын өтуі керек еді, бірақ Жапониядағы жер сілкінісіне байланысты кейінге қалдырылды. Енді тараптар саммитті мүмкіндігінше тезірек өткізуге ниетті, деп мәлімдеді Жапония СІМ басшысы.
Сонымен қатар Токио мен Алматы арасында тікелей әуе қатынасы 2026 жылдың көктемінде ашылатынын тағы нақтылады.