https://sputnik.kz/20250825/toqaev-zhaponiyanyn-syrtqy-ister-ministrin-qabyldady-56587563.html
Тоқаев: Жапония – Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесіміз
Тоқаев: Жапония – Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесіміз
Sputnik Қазақстан
Президент Жапония премьер-министрі Шигеру Ишиба Қазақстанға ресми сапармен келуіне республика дайындалып жатқанын айтты 25.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-25T15:18+0500
2025-08-25T15:18+0500
2025-08-25T15:29+0500
қазақстан
жапония
https://sputnik.kz/img/07e9/08/19/56585241_41:0:1239:674_1920x0_80_0_0_0610f55debfa4975c34401336ab9f512.jpg
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Жапонияның сыртқы істер министрін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев пен министр Такеши Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты.Президент Жапония сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, оның Астанаға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты арттыруға тың серпін беретінін айтты.Такеши Ивая қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан президентіне ризашылығын білдірді."Сіздің сәлеміңізді премьер-министрімізге міндетті түрде жеткіземіз. Қазақстан мен Жапония – халықаралық тәртіпті күшейтуге мүдделі стратегиялық серіктестер. Менің бұл сапарым екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамытуға жол ашады деп ойлаймын", – деді Жапония сыртқы істер министрі.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Такеши Ивая халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде әңгімелесті.
https://sputnik.kz/20250822/toqaev-qazaq-pen-qyrgyz--bauyrlas-elder-56520891.html
қазақстан
жапония
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/19/56585241_191:0:1090:674_1920x0_80_0_0_7348da66213565c84db410d263271330.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, жапония
Тоқаев: Жапония – Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесіміз
15:18 25.08.2025 (жаңартылды: 15:29 25.08.2025) Президент Жапония премьер-министрі Шигеру Ишиба Қазақстанға ресми сапармен келуіне республика дайындалып жатқанын айтты
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Жапонияның сыртқы істер министрін қабылдады, деп хабарлады
Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен министр Такеши Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты.
Президент Жапония сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, оның Астанаға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты арттыруға тың серпін беретінін айтты.
"Жапония – Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесіміз. Біз Токиомен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береміз. Премьер-министр Ишибаға ыстық ықыласымды жеткізуді сұраймын. Премьер-министр Шигеру Ишиба Қазақстанға ресми сапармен келмекші. Біз оның сапарын асыға күтіп, дайындалудамыз. Өзара қарым-қатынасымыз жоғары қарқынмен дамып келе жатыр деп сеніммен айтуға болады", – деді президент.
Такеши Ивая қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан президентіне ризашылығын білдірді.
"Сіздің сәлеміңізді премьер-министрімізге міндетті түрде жеткіземіз. Қазақстан мен Жапония – халықаралық тәртіпті күшейтуге мүдделі стратегиялық серіктестер. Менің бұл сапарым екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамытуға жол ашады деп ойлаймын", – деді Жапония сыртқы істер министрі.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Такеши Ивая халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде әңгімелесті.