"Қайрат" – "Селтик" ойыны: футбол көрермендері үшін тегін автобустар жүреді

© Photo : Пресс-служба ФК "Кайрат""Қайрат" – "Селтик" ойыны
Қайрат – Селтик ойыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2025
Жазылу
2000-нан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Алматыда "Қайрат" – "Селтик" матчының жанкүйерлеріне тегін автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Еске салайық, 26 тамыз күні сағат 21:45-те Алматының Орталық стадионында "Қайрат" пен "Селтик" арасындағы қарымта ойын өтеді. Бұл УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі кездесу.
Әкімдік хабарлауынша, 2000-нан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
"Жанкүйерлерге қолайлы жағдай жасау үшін жоғары жылдамдықтағы интернет, қосалқы электр қуаты, медициналық көмек, санитарлық инфрақұрылым және экологиялық мүмкіндіктер қарастырылған. Жанкүйерлердің ыңғайы үшін сағат 18:00-ден бастап қаланың негізгі нүктелерінен стадионға және кері бағытта тегін автобустар қатынайды", - деп жазылған хабарламада.
Автобустар жүретін орындар:
Қалқаман ықшам ауданы (№7 қалалық аурухана аялдамасы)
Орбита ықшам ауданы (Мұстафин – Торайғыров көшелерінің қиылысы)
Айнабұлақ ықшам ауданы (Мақатаев – Павлодар көшелерінің қиылысы)
"Халық Арена" аялдамасы (солтүстік бағыт)
Алматы-1 теміржол вокзалы
Алматы-2 теміржол вокзалы
Наурызбай аудандық ХҚКО
Момышұлы – Мөңке би көшелерінің қиылысы
Стадион есігі жанкүйерлер үшін сағат 18:45-те ашылады, дейді әкмідіктегілер.
Селтик - Қайрат ойыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2025
Чемпиондар лигасы: "Қайрат" пен "Селтик" есебі тең түсті
Жаңалықтар
0