https://sputnik.kz/20250821/chempiondar-ligasy-qayrat-pen-seltik-esebi-ten-tusti-56486036.html
Чемпиондар лигасы: "Қайрат" пен "Селтик" есебі тең түсті
Чемпиондар лигасы: "Қайрат" пен "Селтик" есебі тең түсті
Sputnik Қазақстан
Алматыдағы қарымта кездесу 26 тамызда өтеді 21.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-21T08:09+0500
2025-08-21T08:09+0500
2025-08-21T08:18+0500
футбол
қазақстан
чемпионат
https://sputnik.kz/img/07e9/08/15/56484964_0:133:2560:1573_1920x0_80_0_0_2bd119d39d4efd383f4ddde43346b1ef.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында шотландиялық "Селтикпен" тең түсті.Глазгода өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда алматылықтар гол соғып та үлгерді, бірақ Александр Мартынович соққан гол офсайдқа байланысты есептелмей қалды. Айта кету керек, бірінші таймның соңында екі команда да допты нысанаға дәл жеткізе мады. Бұл ретте "Қайрат" қақпаға қарай бес, ал "Селтик" екі соққы жасады.Шотландиялықтар екінші таймда белсендірек болып, бірнеше қауіпті шабуыл жасады. Екінші таймда алматылық қақпашы жарақат алып қалды. 75-минутта Александр Заруцкий ойынды жалғастыра алмай, орнына Темірлан Анарбеков шықты.Екінші таймның соңына таман оңтүстіккореялық Ян Хён Чжунмен соқтығысқанда Анарбековтың өзі басын жарақаттап алды. Темірланға таңғыш тағылды.Төреші матчтың негізгі уақытына он минут қосып, оның барысында алматылық шабуылшы Дастан Сәтбаев сары қағаз алды. Бұл оның Еуропа науқанындағы үшінші сары қағазы. Осылайша, ол шотландтармен қарымта кездесуге қатыса алмайды.Алматыдағы қарымта матч 26 тамызда өтеді.Бұл текетірес сәтті болған жағдайда алматылықтар Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Сәтсіз болған жағдайда "Қайрат" күзгі еурокубокты Еуропа лигасының негізгі кезеңінде жалғастырады.
https://sputnik.kz/20250402/david-loriya-qazaqstan-futbol-federatsiyasynyn-bas-khatshysy-bolyp-tagayyndaldy-52147298.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/15/56484964_143:0:2418:1706_1920x0_80_0_0_37d3fd94ad2b48442ff08b5db2c6af41.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол, қазақстан, чемпионат
футбол, қазақстан, чемпионат
Чемпиондар лигасы: "Қайрат" пен "Селтик" есебі тең түсті
08:09 21.08.2025 (жаңартылды: 08:18 21.08.2025) Алматыдағы қарымта кездесу 26 тамызда өтеді
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында шотландиялық "Селтикпен" тең түсті.
Глазгода өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда алматылықтар гол соғып та үлгерді, бірақ Александр Мартынович соққан гол офсайдқа байланысты есептелмей қалды. Айта кету керек, бірінші таймның соңында екі команда да допты нысанаға дәл жеткізе мады. Бұл ретте "Қайрат" қақпаға қарай бес, ал "Селтик" екі соққы жасады.
Шотландиялықтар екінші таймда белсендірек болып, бірнеше қауіпті шабуыл жасады. Екінші таймда алматылық қақпашы жарақат алып қалды. 75-минутта Александр Заруцкий ойынды жалғастыра алмай, орнына Темірлан Анарбеков шықты.
Екінші таймның соңына таман оңтүстіккореялық Ян Хён Чжунмен соқтығысқанда Анарбековтың өзі басын жарақаттап алды. Темірланға таңғыш тағылды.
Төреші матчтың негізгі уақытына он минут қосып, оның барысында алматылық шабуылшы Дастан Сәтбаев сары қағаз алды. Бұл оның Еуропа науқанындағы үшінші сары қағазы. Осылайша, ол шотландтармен қарымта кездесуге қатыса алмайды.
Алматыдағы қарымта матч 26 тамызда өтеді.Бұл текетірес сәтті болған жағдайда алматылықтар Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Сәтсіз болған жағдайда "Қайрат" күзгі еурокубокты Еуропа лигасының негізгі кезеңінде жалғастырады.