Президент ауылдардағы медициналық нысандардың құрылысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды

© Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады
Президент денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2025
Жазылу
Бұл "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында елді мекендерде салынып жатқан алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарына қатысты
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Президент денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды.
Ақмарал Әлназарова өткен жылы елімізде өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткенін айтты.
"Бұл – әлемдік орташа деңгейден жоғары көрсеткіш. Биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы өлім-жітім 3 пайызға төмендеді. Былтыр алғаш рет ана мен бала өлімі ең аз көлемде тіркелді", - деді министр.
Әлназарованың айтуынша, 2024 жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы республикада – 19 пайызға, ауылдарда – 16 пайызға және орта буын медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі 7 пайызға азайды.
Сонымен қатар медицина қызметкерлерін қорғау шаралары жөнінде ақпарат берілді.
Ведомство басшысы бұл орайда заңнаманы қатаңдатуға, дәрігерлерге шабуыл жасалған жағдайда жедел көмек көрсетуге ден қойылатынын айтты.
Министрліктің мәліметінше, келесі жылдан бастап әлеуметтік осал топтағы 1 миллион адам медициналық сақтандырумен қамтылады.
Мемлекет басшысы "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында елді мекендердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін тиімді ету, аса маңызды дәрі-дәрмектердің отандық өндірісін дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді. Сондай-ақ азаматтардың денсаулығын нығайту және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.
Мемлекет басшысы Жапонияның сыртқы істер министрін қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2025
Тоқаев: Жапония – Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесіміз
Жаңалықтар
0