770 кг героин: Қазақстанға есірткі алып кірмек болған шетелдіктер 14 жылға сотталды

© ДВД Северо-Казахстанской областиГероин
Героин - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2025
Жазылу
Сотта мемлекеттік айыптаушы шетелдік екі азаматтың кінәсін толық дәлелдейтін айғақтар ұсынды
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Екі шетел азаматы 770 кг героинді елге әкелмек болғаны үшін сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.
Былтыр мамырда Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы шекара өткізу бекетінде елге 770 кг героинді заңсыз әкелу әрекеті әшкереленді.
"Есірткі аяқ киімге арналған крем ретінде рәсімделіп, Еуропа елдеріне транзитке шығарылмақ болған", - деп жазылған хабарламада.
Сотта мемлекеттік айыптаушы шетелдік екі азаматтың кінәсін толық дәлелдейтін айғақтар ұсынды.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оларды 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2025
Қызылордада "Даму бала" жобасын тексеру кезінде ақша бопсалағандар сотталды
Жаңалықтар
0