Ақтөбелік тыл еңбеккері 110 жасқа толды

© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігіАқтөбелік тыл еңбеккері 110 жасқа толды
Ақтөбелік тыл еңбеккері 110 жасқа толды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2025
Жазылу
Жәкібай Бисенғалиева әлі де тың, құттықтап келген жандарға ақ батасын берді
АСТАНА, 24 тамыз - Sputnik. Ақтөбеде тыл еңбеккері 110 жасқа толды. Қарт ананы мерейлі жасымен облыс әкімі Асхат Шахаров құттықтап барды.
© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігіАқтөбелік тыл еңбеккері 110 жасқа толды
Ақтөбелік тыл еңбеккері 110 жасқа толды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2025
Ақтөбелік тыл еңбеккері 110 жасқа толды
Жәкібай Бисенғалиева 1915 жылы 24 тамызда дүниеге келген. Қария соғыс жылдарынан бастап еңбекке ерте араласқан. Ол Новороссийск ауданы ұжымшарында астық таразылап, тракторшы, кітапханашы және сауыншы болып жұмыс істеген.
Жұбайы Ғабит Бисенғалиев Ұлы Отан соғысынан бірінші топтағы мүгедек болып оралып, 1993 жылы дүниеден озған. Ерлі-зайыптылар үш бала тәрбиелеп өсірген.
Қарт ана қазір бейнетінің зейнетін көріп, ұл-келін, немере-шөберелерімен бірге бақытты ғұмыр кешіп отыр. Ол 3 немере мен 7 шөберенің аяулы әжесі.
Өңір басшысы екі ғасыр куәсі болған қарт анаға алғыс білдірді.
"Сіздің ғұмыр жолыңыз – бәріміз үшін үлкен өнеге. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда аянбай тер төгіп, елдің даму жолында адал еңбегіңізді сіңірдіңіз. Осындай қажырлы еңбегіңіздің арқасында нағыз адал азамат ұғымының жарқын үлгісін көрсете білдіңіз. Ақтөбе облысының жұртшылығы атынан Сізге зор денсаулық және бақ-береке тілеймін", - деді Асхат Шахаров.  
Жәкібай әже 110 жасқа келсе де әлі де тың. Әңгімесін айтып, құттықтап келген баршаға ақ батасын берді.
Алматыда әскери қызметшілер 102 жасқа толған майдангерді құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы
"Анам пойыз артынан ілесе жүгіріп жылады": алматылық ардагер соғысты еске алды
Жаңалықтар
0