https://sputnik.kz/20250823/qyzyn-zhol-apatyna-ushyrady-kokshetau-turgyny-5-mln-tengesin-alayaqtarga-berip-zhiberdi-56541695.html
"Қызың жол апатына ұшырады": Көкшетау тұрғыны 5 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберді
"Қызың жол апатына ұшырады": Көкшетау тұрғыны 5 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберді
Sputnik Қазақстан
Полиция "туыс адамның жол апатына ұшырағаны" туралы қоңырауларға сенбеу қажеттігін ескертті 23.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-23T09:42+0500
2025-08-23T09:42+0500
2025-08-23T09:42+0500
алаяқтық
алаяқ
көкшетау
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_eb58dabc4da71f63501679a75acecbd0.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Көкшетауда телефон алаяқтары қала тұрғынын алдап, 5 миллион теңгесін алып қойған, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласының екі тұрғынын анықтады, олардың оқиғаға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.Полиция "туыс адамның жол апатына ұшырағаны" туралы қоңырауларға сенбеу қажеттігін ескертті."Егер біреу қоңырау шалып, ақша сұраса, сабыр сақтап, жақындарыңызға тікелей хабарласып, ақпаратты тексеруді ұмытпаңыз. Қырағылық пен байсалдылық ақшаңызды жоғалтпауға көмектеседі", - дейді полицейлер.
https://sputnik.kz/20250516/shymkentte-oqushyny-2-mln-tengege-aldagan-alayaq-ustaldy-53596329.html
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_9eae630ab3940dd5205e50ab42c83bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, алаяқ, көкшетау
алаяқтық, алаяқ, көкшетау
"Қызың жол апатына ұшырады": Көкшетау тұрғыны 5 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберді
Полиция "туыс адамның жол апатына ұшырағаны" туралы қоңырауларға сенбеу қажеттігін ескертті
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Көкшетауда телефон алаяқтары қала тұрғынын алдап, 5 миллион теңгесін алып қойған, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.
"Көкшетау қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арыз жазды. Жәбірленушінің айтуынша, биылғы жылдың 19 тамызында сағат 14:00 шамасында белгісіз біреулер телефон соғып, "қызың жол апатына ұшырады" деп жалған ақпарат берген. "Көмек көрсету қажет" деген желеумен қылмыскерлер алаяқтық жолмен 5 миллион теңгені иемденіп алған", - деп жазылған хабарламада.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласының екі тұрғынын анықтады, олардың оқиғаға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция "туыс адамның жол апатына ұшырағаны" туралы қоңырауларға сенбеу қажеттігін ескертті.
"Егер біреу қоңырау шалып, ақша сұраса, сабыр сақтап, жақындарыңызға тікелей хабарласып, ақпаратты тексеруді ұмытпаңыз. Қырағылық пен байсалдылық ақшаңызды жоғалтпауға көмектеседі", - дейді полицейлер.