https://sputnik.kz/20250823/2027-zhylga-deyin-shygys-qazaqstannyn-tagy-bir-audanynda-internet-sapasy-zhaqsarady-56561110.html
2027 жылға дейін Шығыс Қазақстанның тағы бір ауданында интернет сапасы жақсарады
2027 жылға дейін Шығыс Қазақстанның тағы бір ауданында интернет сапасы жақсарады
Sputnik Қазақстан
Алайда, бірқатар елді мекен тұрғындары интернет сапасына қатысты шағымданып жатыр 23.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-23T21:03+0500
2025-08-23T21:03+0500
2025-08-23T21:03+0500
интернет
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0e/32915345_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_84778f692d9494ff74953c6007941b62.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. 2027 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданындағы барлық елді мекенде интернет сапасы жақсарады, деп хабарлады облыс әкімдігі.Марқакөл ауданындағы интернет мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп жатқаны жөнінде аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов тұрғындармен кездесуде мәлімдеді.Бүгінде Марқакөл ауданы халқының 82,4%-ы интернетке қол жеткізе алады. Биылғы жылдың наурыз айында Шеңгелді және Игілік ауылдарына мобильді интернет қосылды. Сонымен қатар, ауданның 12 мектебінде Starlink жүйесі арқылы жоғары жылдамдықты интернет жүргізіліп жатыр, дейді әкімдіктегілер. Бұл шалғайдағы ауылдардағы оқушылар үшін қашықтан білім алуға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20250813/qazaqstanda-starlink-internet-qyzmeti-resmi-turde-iske-qosyldy-56325815.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0e/32915345_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_7ec4f558d39552202e77870c015a1c5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет, әкімдік
2027 жылға дейін Шығыс Қазақстанның тағы бір ауданында интернет сапасы жақсарады
Алайда, бірқатар елді мекен тұрғындары интернет сапасына қатысты шағымданып жатыр
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. 2027 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданындағы барлық елді мекенде интернет сапасы жақсарады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Марқакөл ауданындағы интернет мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп жатқаны жөнінде аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов тұрғындармен кездесуде мәлімдеді.
Бүгінде Марқакөл ауданы халқының 82,4%-ы интернетке қол жеткізе алады. Биылғы жылдың наурыз айында Шеңгелді және Игілік ауылдарына мобильді интернет қосылды.
"Алайда, бірқатар елді мекен тұрғындары интернет сапасына қатысты шағымданып жатыр. Ол ауылдарда шамамен 1262 адам тұрады. Аталған ауылдардағы мәселе байланыс операторларымен бірлесіп, 2027 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен шешілетін болады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, ауданның 12 мектебінде Starlink жүйесі арқылы жоғары жылдамдықты интернет жүргізіліп жатыр, дейді әкімдіктегілер. Бұл шалғайдағы ауылдардағы оқушылар үшін қашықтан білім алуға мүмкіндік береді.