Жыл басынан бері елде 2,4 трлн теңгеге жуық зейнетақы төленді

© Sputnik / Тимур БатыршинБірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры
Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Жазылу
2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 497 мың адамды құрады
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 451,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 793 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 658,4 млрд теңге қарастырылды", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 497 мың адамды құрады.
2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 097 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 491 теңге, базалық зейнетақы – 47 606 теңге.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2025
Әлеуметтік осал топтағы азаматтар зейнетақы төлемінен ұсталған салықты қайтара алады
Жаңалықтар
0