Әлеуметтік осал топтағы азаматтар зейнетақы төлемінен ұсталған салықты қайтара алады

© Sputnik / Тимур БатыршинЛоготип Единого накопительного пенсионного фонда
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік осал санаттарға кіретін адамдар біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделу ақысын төлеген кезде ұсталған салықты қайтара алады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жаңа Салық кодексі келесі жылдың басында күшіне енеді.
"Әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалар біржолғы зейнетақы төлемі түрінде салық салынатын табысқа стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы. Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) қолданыста болады, өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді", - делінген ресми хабарламада.
Сондықтан салықты қайтару үшін бірыңғай зейнетақы қорының жақын жердегі филиалына шұғыл өтініш жазу керек. Сондай-ақ растайтын құжаттар болуы шарт. Бірыңғай зейнетақы төлемін үш жыл бұрын алған адамдар да өтініш жаза алады. Себебі салықты қайтару мерзімі бес жылға дейін ұзартылып отыр.
Жеке табыс салығын қайтаруға құқығы бар санаттар:
I, II мен III топтағы мүгедектер;
мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі;
бала асырап алушылардың бірі;
жетім балалардың асырап алушы ата-аналары;
соғыс ардагерлері.
Толық тізім Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген.
"Бұған дейін жеке табыс салығы ұсталған болса, ол алушының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Ал жеке табыс салығы төлеу кейінге қалдырылған болса, онда ай сайынғы зейнетақы төлемін алған кезде оны төлеуге қатысты міндеттеме алынып тасталады", - дейді қор мамандары.
Есеп және калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2025
Министрлік зейнетақы төлеу қай кезде тоқтатылатынын түсіндірді
Жаңалықтар
0