Қазақстан-Қырғызстан шекарасында электронды кезектің пилоттық жобасы іске қосылады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуГраница между Кыргызстаном и Казахстаном
Граница между Кыргызстаном и Казахстаном - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Жазылу
Жоба бірқатар артықшылықты қарастырады
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында электронды кезектің пилоттық жобасы іске қосылады, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан президентінің Қырғыз Республикасына жасаған сапары аясында Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік салық қызметі шекарада цифрлық шешімдерді енгізу бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Аталған құжат "Айша бибі" (Қазақстан) және "Чон-Капка" (Қырғызстан) автомобиль өткізу пункттерінде электронды кезектің пилоттық жобасын іске қосады.
Болашақта бұл цифрлық жүйе қазақ-қырғыз шекарасының барлық желісіне таралады.
Жоба бірқатар артықшылықты қарастырады:
бизнес қажетті құжаттар мен рұқсаттар туралы ақпаратты алдын ала алады;
тасымалдаушылар шекарадан өту күнін жоспарлай алады;
компаниялар жүк көлігінің тоқтап қалуын барынша азайту арқылы шығынды үнемдейді;
рәсімдердің ашықтығы күтпеген тексерулердің тәуекелін азайтады;
барлық процесс тіркеліп, цифрлық арналар арқылы өтетіндіктен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айтарлықтай төмендейді.
Жоба аясында Қазақстан Республикасының электронды тауарларға ілеспе жүкқұжаттарынан (ТІЖ) және Қырғыз Республикасының электронды шот-фактураларынан (ЭШФ) алынған деректер өзара алмасылады.
Бұл құжаттар кезекті брондау кезеңінде жүк туралы толық ақпаратты көруге мүмкіндік береді, бұл бизнес үшін процесті алдын ала болжауға және қолайлы етуге жағдай жасайды.
2022 жылдан бастап Қырғызстанда, ал 2023 жылдан бастап Қазақстанда міндетті цифрлық тауарға ілеспе құжаттар енгізілді, бұл жалған компанияларды сауда схемаларынан шығаруға мүмкіндік берді, мәмілелер ашық бола бастады, шекарадағы тексерулер саны айтарлықтай қысқарды.
Қазақстан мен Қытай шекарасында жаңа Достық өткізу бекеті ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2025
Қытаймен шекарада "Достық" жаңа өткізу пункті жұмыс істей бастады
Жаңалықтар
0