https://sputnik.kz/20250618/qytaymen-shekarada-dostyq-zhana-otkizu-punkti-zhumys-istey-bastady-54826154.html
Қытаймен шекарада "Достық" жаңа өткізу пункті жұмыс істей бастады
Қытаймен шекарада "Достық" жаңа өткізу пункті жұмыс істей бастады
Sputnik Қазақстан
Жаңа кеден бекетінің ашылуы ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетінің өткізу қабілетін арттыру бағытындағы маңызды қадам болды 18.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-18T18:29+0500
2025-06-18T18:29+0500
2025-06-18T18:29+0500
еаэо
қытай
шекара
https://sputnik.kz/img/07e9/06/12/54824057_298:316:982:701_1920x0_80_0_0_16d5f170d721a9f77537a72579c2968a.jpg
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Қазақстан мен Қытай шекарасында жаңа "Достық" өткізу бекеті ашылды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.2025 жылдың 12 мамырынан бастап өткізу пункті толық көлемде жұмыс істеп жатыр.Жаңа нысан "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру" жобасы шеңберінде салынды.Бұл жобаны іске асыру сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігін арттыруға, шекарадан өту уақытын қысқартуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен азаматтар үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған.Қазіргі заманғы "Достык" өткізу пункті автоматтандырылған кедендік және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлеріне арналған барлық қажетті технологиялық жабдықпен жабдықталған.Осылайша, шекарадан өту уақыты едәуір қысқарады және халықаралық тасымалдардың логистикасы жеңілдетіледі.Жаңа кеден бекетінің ашылуы шекара маңындағы инфрақұрылымды нығайту, елдің және ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетінің өткізу қабілетін арттыру бағытындағы маңызды қадам болды.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/12/54824057_340:245:973:720_1920x0_80_0_0_a3d0cf3df3cb339e703221d91f307296.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, қытай, шекара
Қытаймен шекарада "Достық" жаңа өткізу пункті жұмыс істей бастады
Жаңа кеден бекетінің ашылуы ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетінің өткізу қабілетін арттыру бағытындағы маңызды қадам болды
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Қазақстан мен Қытай шекарасында жаңа "Достық" өткізу бекеті ашылды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
"Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде кеден "Алаколь" бекеті құрылысының аяқталғаны туралы хабарлайды", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың 12 мамырынан бастап өткізу пункті толық көлемде жұмыс істеп жатыр.
Жаңа нысан "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру" жобасы шеңберінде салынды.
Бұл жобаны іске асыру сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігін арттыруға, шекарадан өту уақытын қысқартуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен азаматтар үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған.
Қазіргі заманғы "Достык" өткізу пункті автоматтандырылған кедендік және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлеріне арналған барлық қажетті технологиялық жабдықпен жабдықталған.
"Жаңғыртудың негізгі нәтижелерінің бірі жолақтардың санын екіден алтыға дейін арттыру болды. Бұл өткізу қабілеттілігін тәулігіне 800 автомобильге дейін арттыруға мүмкіндік берді", - деп атап өтті комитет.
Осылайша, шекарадан өту уақыты едәуір қысқарады және халықаралық тасымалдардың логистикасы жеңілдетіледі.
Жаңа кеден бекетінің ашылуы шекара маңындағы инфрақұрылымды нығайту, елдің және ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетінің өткізу қабілетін арттыру бағытындағы маңызды қадам болды.