Көлік инспекциясы саласында сыбайлас жемқорлық жасаған 11 адам сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевВодитель автобуса
Водитель автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Жазылу
Сот процесі инспекция қызметкерлерінің қатысуымен ашық түрде өтті
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Ақмола облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының бұрынғы бөлім басшысы, делдал және тоғыз жүргізуші сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Бас көлік прокуратураға сілтеме жасап.
Тергеу барысында лауазымды тұлғаның делдал арқылы тиісті рұқсат құжаттары жоқ, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын өрескел бұза отырып мұнай өнімдерін тасымалдауға жалпы қамқорлық көрсеткені үшін жүйелі түрде пара алғаны анықталды.
"Сот барлық фигурантты пара алу және беру дерегі бойынша кінәлі деп таныды. Көлік прокурорының өтінішхатын қанағаттандырып, сот Көліктік инспекциядағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің атына жеке ұйғарым шығарды", - деп жазылған хабарламада.
Сот процесі инспекция қызметкерлерінің қатысуымен ашық түрде өтті. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болды. Үкім заңды күшіне енді.
Телефон в руках подростка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2024
Smart Astana: елордада сыбайлас жемқорлықты жылдам қалай хабарлауға болады
Жаңалықтар
0