https://sputnik.kz/20241207/smart-astana-elordada-sybaylas-zhemqorlyqty-zhyldam-qalay-khabarlauga-bolady-49096810.html
Smart Astana: елордада сыбайлас жемқорлықты жылдам қалай хабарлауға болады
Smart Astana: елордада сыбайлас жемқорлықты жылдам қалай хабарлауға болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Елордалықтар кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жылдам түрде хабарлай алады. Ол үшін Smart Astana мобильді... 07.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-07T09:07+0500
2024-12-07T09:07+0500
2024-12-07T09:07+0500
астана
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/1109/89/11098939_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_f523c8c4a01915e95453b4e8ff44a4e3.jpg
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Елордалықтар кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жылдам түрде хабарлай алады. Ол үшін Smart Astana мобильді қосымшасындағы "Stop сыбайлас жемқорлық" сервисін қолдану керек, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Stop сыбайлас жемқорлық" сервисі мобильді қосымшаға 2023 жылы енгізілді. Ол арқылы азаматтар сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы ақпаратты тиісті органдарға жолдай алады.Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының мәліметіне сүйенсек, сервис азаматтардың құқықтарын қорғауға және әділ қоғамның қалыптасуына ықпал ету мақсатында әзірленген. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментімен бірлесіп жасалған.Аталмыш сервис 3 бөлімнен тұрады. Біріншісі – "Жемқорлық бойынша шағымдану". Мұнда қала тұрғыны құқық қорғау, салық, білім беру, денсаулық сақтау, сот жүйесіндегі және өзге мемлекеттік ұйымдардағы пара талап ету дерегі бойынша шағым қалдыра алады.Екіншісі – "Жемқорлық бойынша арыздану". Бұл бөлімде қала тұрғыны орын алған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық құқықбұзушылық бойынша арыз қалдырады. Ол үшін арызды қолмен жазып, электронды нұсқасын жолдау керек.Үшіншісі – "Call-орталық 1424". Мұнда пайдаланушы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сall-орталығымен тікелей хабарласып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы шағымдана алады.Stop сыбайлас жемқорлық" сервисін қолдану үшін Smart Astana қосымшасын App Store немесе Google Play дүкенінен жүктеп алып, тіркеуден өтіңіз. Қолданбаның басты бетінде "Stop сыбайлас жемқорлық" бөлімін таңдаңыз. Мұнда өзіңізге қажет түймені басыңыз. Оқиғаның болғаны туралы, орнын, күнін, байланыс деректерін хабарлаңыз. Осылайша сіздің шағымыңыз жедел қарау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментіне жіберіледі.
https://sputnik.kz/20241202/zhemqorlyq-ushin-sotqa-tartylgandardyn-arbir-tortinshisi--akimdik-qyzmetkeri-48794587.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1109/89/11098939_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_6700aacb7045b84f43fbc21da62632b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, сыбайлас жемқорлық
астана, сыбайлас жемқорлық
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Елордалықтар кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жылдам түрде хабарлай алады. Ол үшін Smart Astana мобильді қосымшасындағы "Stop сыбайлас жемқорлық" сервисін қолдану керек, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Stop сыбайлас жемқорлық" сервисі мобильді қосымшаға 2023 жылы енгізілді. Ол арқылы азаматтар сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы ақпаратты тиісті органдарға жолдай алады.
Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының мәліметіне сүйенсек, сервис азаматтардың құқықтарын қорғауға және әділ қоғамның қалыптасуына ықпал ету мақсатында әзірленген. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментімен бірлесіп жасалған.
Аталмыш сервис 3 бөлімнен тұрады. Біріншісі – "Жемқорлық бойынша шағымдану". Мұнда қала тұрғыны құқық қорғау, салық, білім беру, денсаулық сақтау, сот жүйесіндегі және өзге мемлекеттік ұйымдардағы пара талап ету дерегі бойынша шағым қалдыра алады.
Екіншісі – "Жемқорлық бойынша арыздану". Бұл бөлімде қала тұрғыны орын алған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық құқықбұзушылық бойынша арыз қалдырады. Ол үшін арызды қолмен жазып, электронды нұсқасын жолдау керек.
Үшіншісі – "Call-орталық 1424". Мұнда пайдаланушы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сall-орталығымен тікелей хабарласып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы шағымдана алады.
Stop сыбайлас жемқорлық" сервисін қолдану үшін Smart Astana қосымшасын App Store немесе Google Play дүкенінен жүктеп алып, тіркеуден өтіңіз. Қолданбаның басты бетінде "Stop сыбайлас жемқорлық" бөлімін таңдаңыз. Мұнда өзіңізге қажет түймені басыңыз. Оқиғаның болғаны туралы, орнын, күнін, байланыс деректерін хабарлаңыз. Осылайша сіздің шағымыңыз жедел қарау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментіне жіберіледі.