Жемқорлық үшін сотқа тартылғандардың әрбір төртіншісі – әкімдік қызметкері

© SputnikМужчина кладет деньги в карман пиджака, иллюстративное фото
Мужчина кладет деньги в карман пиджака, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
Жазылу
Жыл басынан бері Қазақстанда 1519 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді
АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотқа тартылған әрбір төртінші қазақстандық – әкімдіктің немесе оның бөлімшесінің қызметкері, деп хабарлады Finprom.kz.
Жыл басынан бері Қазақстанда 1519 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, бұл былтырғымен салыстырғанда 6,5%-ке көп.
Тіркелген құқық бұзушылықтардың көпшілігі – пара беру, екінші орында – пара алу, ал үшінші орында – "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету". Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар – сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және пара делдалдығы. Биыл он айда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке 1,3 мың қазақстандық ілінген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,1%-ке артық.
760 айыпталушы сотқа тартылды, бұл өткен жылдың қаңтар-қазан айларына қарағанда 8,3%-ке көп. Сотқа тартылғандардың арасында әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің 181 қызметкері бар.
Жемқорлықты көбіне ішкі істер органдары, қаржы министрлігі, қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметшілері жасайды, дейді Finprom.kz ақпарат порталы.
Сыбайлас жемқорлық үшін сотқа тартылғандардың ең көбі Астана, Шымкент пен Алматыда тіркелген. Ал Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында салыстырмалы түрде жемқорлық үшін істі болғандар аз.
Вековые ковры и древний ткацкий станок показали на выставке в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2023
Петропавл қаласының әкімдігі 8 миллионға кілем сатып алмақ болған
Жаңалықтар
0