https://sputnik.kz/20250822/galymdar-syr-suluy-kurishin-zhappay-egudi-usyndy-56537187.html
Ғалымдар "Сыр сұлуы" күрішін жаппай егуді ұсынды
Ғалымдар "Сыр сұлуы" күрішін жаппай егуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Күріштің бұл түрін бес жыл бұрын "Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты" шығарған 22.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-22T19:54+0500
2025-08-22T19:54+0500
2025-08-22T19:54+0500
күріш
қызылорда облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/01/40545156_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_bf4d13194055616d605f114056ed4fe4.jpg
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында шетелдік күріш сорттарының кейбірі өсімдік ауруына шалдығып жатыр, деп хабарлайды 24kz.Диқандар егін алқабын бірнеше рет арнайы препараттармен өңдеуге мәжбүр болды. Оның үстіне суармалы су тапшылығы да дақылдың шығымына әсер етіп отыр.Түйіткілдің түйінін тарқатудың бір жолын ғалымдар ұсынды. Олар ерте пісетін отандық "Сыр сұлуы" күрішін жаппай өндіріске енгізу қажет деп отыр.Орынбасар Төлеповтің шаруашылығы биыл 3 мыңнан аса гектарға күріш екті. Оның басым бөлігі – шетелдік сорт. Бірақ соңғы кезде Ресейден жеткізілген күріш тұқымы өсімдік ауруына шалдығып отыр. Ала жаздайғы еңбек еш кетпеу үшін алқапқа арнайы препараттарды бірнеше қайтара себуге мәжбүр.Өңірге трансшекаралық Сырдариядан келетін су көлемі алдағы уақытта да азая беруі мүмкін. Сондықтан ерте пісіп жетілетін, жергілікті климатқа бейімделген күріш сорттарын егу керек. "Бұл талапқа толық сай келетін "Сыр сұлуы" сорты", - дейді ғалымдар.Күріштің бұл түрін бес жыл бұрын "Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты" шығарған. Қазір тұқымы көбейтіліп жатыр.Отандық "Сыр сұлуы" күріші тәжірибелік алқаптың 240 гектарына егілген. Мамандар әр гектардан шамамен 50 центнерден өнім жинауды жоспарлап отыр. Ал келесі жылдан бастап шаруашылықтарға тұқымы таратылатын болады."Бұның негізгі ерекшелігі – вегетациялық кезеңнің 105, 110 күнде толық пісіп шығатын мүмкіншілігі. Әрине, агротехнологиялық шараларды дұрыс сақтағанда, уақытылы сеуіп, өзінің нормативінде жұмыс істесе, күріш 55-65 центнерден өнім түзей алады. Демек рекордтық өнім емес, осы су тапшылығы жағдайында біздің жергілікті топырақ, климаттық су мәселелеріне бейімделген сорт екендігінің көрінісі", - дейді техника ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Өмірзақов.Ғалымдар тауарлық сапасы жоғары жаңа сорт су тапшылығы жағдайында диқандардың тұрақты өнім алуына ықпал ететініне сенімді.
https://sputnik.kz/20250729/kurish-egu-zhospary-33-ese-asyra-oryndalgan-basshylar-zhumystan-shettetildi-55985054.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/01/40545156_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_1a7912bf4327add7571555cad89de9ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күріш, қызылорда облысы
Ғалымдар "Сыр сұлуы" күрішін жаппай егуді ұсынды
Күріштің бұл түрін бес жыл бұрын "Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты" шығарған
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында шетелдік күріш сорттарының кейбірі өсімдік ауруына шалдығып жатыр, деп хабарлайды
24kz. Диқандар егін алқабын бірнеше рет арнайы препараттармен өңдеуге мәжбүр болды. Оның үстіне суармалы су тапшылығы да дақылдың шығымына әсер етіп отыр.
Түйіткілдің түйінін тарқатудың бір жолын ғалымдар ұсынды. Олар ерте пісетін отандық "Сыр сұлуы" күрішін жаппай өндіріске енгізу қажет деп отыр.
Орынбасар Төлеповтің шаруашылығы биыл 3 мыңнан аса гектарға күріш екті. Оның басым бөлігі – шетелдік сорт. Бірақ соңғы кезде Ресейден жеткізілген күріш тұқымы өсімдік ауруына шалдығып отыр. Ала жаздайғы еңбек еш кетпеу үшін алқапқа арнайы препараттарды бірнеше қайтара себуге мәжбүр.
"Жылда шамалы жер ауырып, сепсең қоятын еді, тоқтайтын еді. Қазір тоқтамай жатыр. 10 күн өтеді ма, 10 күннен кейін қайтадан себуің керек. Тағы да сондай шығындар болып жатыр. Оның үстіне судың тапшылығы бар. Бәрі әсер етіп жатыр", - дейді Орынбасар Төлепов.
Өңірге трансшекаралық Сырдариядан келетін су көлемі алдағы уақытта да азая беруі мүмкін. Сондықтан ерте пісіп жетілетін, жергілікті климатқа бейімделген күріш сорттарын егу керек. "Бұл талапқа толық сай келетін "Сыр сұлуы" сорты", - дейді ғалымдар.
Күріштің бұл түрін бес жыл бұрын "Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты" шығарған. Қазір тұқымы көбейтіліп жатыр.
Отандық "Сыр сұлуы" күріші тәжірибелік алқаптың 240 гектарына егілген. Мамандар әр гектардан шамамен 50 центнерден өнім жинауды жоспарлап отыр. Ал келесі жылдан бастап шаруашылықтарға тұқымы таратылатын болады.
"Бұның негізгі ерекшелігі – вегетациялық кезеңнің 105, 110 күнде толық пісіп шығатын мүмкіншілігі. Әрине, агротехнологиялық шараларды дұрыс сақтағанда, уақытылы сеуіп, өзінің нормативінде жұмыс істесе, күріш 55-65 центнерден өнім түзей алады. Демек рекордтық өнім емес, осы су тапшылығы жағдайында біздің жергілікті топырақ, климаттық су мәселелеріне бейімделген сорт екендігінің көрінісі", - дейді техника ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Өмірзақов.
Ғалымдар тауарлық сапасы жоғары жаңа сорт су тапшылығы жағдайында диқандардың тұрақты өнім алуына ықпал ететініне сенімді.