https://sputnik.kz/20250729/kurish-egu-zhospary-33-ese-asyra-oryndalgan-basshylar-zhumystan-shettetildi-55985054.html
Күріш егу жоспары 3,3 есе асыра орындалған: басшылар жұмыстан шеттетілді
Күріш егу жоспары 3,3 есе асыра орындалған: басшылар жұмыстан шеттетілді
Sputnik Қазақстан
"Қазсушардың" Түркістан облысындағы бөлімшесі су тапшылығы қаупіне қарамастан 13,3 мың гектарға жуық жерді суарған 29.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-29T08:24+0500
2025-07-29T08:24+0500
2025-07-29T08:24+0500
күріш
су
ауыз су
су деңгейі
https://sputnik.kz/img/1367/42/13674291_0:308:3072:2036_1920x0_80_0_0_968e79f9681622d04b555da9d7306d4d.jpg
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Түркістан облысында "Қазсушар" жергілікті филиалының Шардара және Мақтаарал өндірістік учаскелерінің басшылары уақытша жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды ҚХА жаңалықтары.Бұған дейін оларға қатаң сөгіс жарияланған болатын. Себебі күріш егу жоспары 3,3 есе артығымен орындалған. Өңірде заңсыз су алуды тоқтату мақсатында полиция күштері жұмылдырылып жатыр.Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметі бойынша суармалы су тапшылығы қаупіне және суармалы аумақтардың 4 мың гектар көлемінде шектелгеніне қарамастан, "Қазсушардың" облыстық бөлімшесі ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен 1047 келісімшартқа отырып, 13,3 мың гектарға жуық жерді суаруды қамтыған.25 шілдедегі жағдай бойынша Қызылқұм каналы күріш, жүгері, мақта, көкөніс, жоңышқа, жүзім, жеміс ағаштары мен бақша дақылдары алып жатқан 28,3 мың гектардан астам егістік алқапты суарумен қамтамасыз етті. Маусым ішінде канал арқылы су жіберуге барлығы 3 мыңға жуық келісімшарт жасалды.Министрлік су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізеді. Диқандарға түнгі суару ережелері мен ауыспалы егіске көшу түсіндіріледі. Заңсыз су айналымымен күреске ерекше көңіл бөлінуде – жақында Шардара су қоймасы маңында рұқсат етілмеген 24 сорғы анықталды. Министр суды заңсыз алу фактілерінің алдын алу мақсатында министрліктің құқық қорғау органдарымен белсенді ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.Сонымен қатар ведомство басшысы аяқталуы 2026 жылға жоспарланған жаңа Шардара топтық су құбырының құрылыс барысымен танысты, оның ұзындығы шамамен 39 шақырымды құрайды. Жоба Шардара қаласы мен аудандағы 22 елді мекеннің тұрғындарын тәулігіне 12 мың текше метр жер асты суымен тұрақты қамтамасыз етеді.
https://sputnik.kz/20250722/zhetisuda-egin-suarylyp-zhatyr-zhergilikti-bilik-diqannyn-malimdemesine-zhauap-berdi-55848591.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1367/42/13674291_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_c3c2e7ac25b2f27992b8948f9bdcd88f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күріш, су, ауыз су, су деңгейі
күріш, су, ауыз су, су деңгейі
Күріш егу жоспары 3,3 есе асыра орындалған: басшылар жұмыстан шеттетілді
"Қазсушардың" Түркістан облысындағы бөлімшесі су тапшылығы қаупіне қарамастан 13,3 мың гектарға жуық жерді суарған
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Түркістан облысында "Қазсушар" жергілікті филиалының Шардара және Мақтаарал өндірістік учаскелерінің басшылары уақытша жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды
ҚХА жаңалықтары. Бұған дейін оларға қатаң сөгіс жарияланған болатын. Себебі күріш егу жоспары 3,3 есе артығымен орындалған. Өңірде заңсыз су алуды тоқтату мақсатында полиция күштері жұмылдырылып жатыр.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметі бойынша суармалы су тапшылығы қаупіне және суармалы аумақтардың 4 мың гектар көлемінде шектелгеніне қарамастан, "Қазсушардың" облыстық бөлімшесі ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен 1047 келісімшартқа отырып, 13,3 мың гектарға жуық жерді суаруды қамтыған.
"Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңірге жұмыс сапарын жалғастырып, Шардара ауданында болып, ауыл шаруашылығы алқаптарының сумен қамтамасыз етілу жағдайын жан-жақты зерделеді", - деп жазылған хабарламада.
25 шілдедегі жағдай бойынша Қызылқұм каналы күріш, жүгері, мақта, көкөніс, жоңышқа, жүзім, жеміс ағаштары мен бақша дақылдары алып жатқан 28,3 мың гектардан астам егістік алқапты суарумен қамтамасыз етті. Маусым ішінде канал арқылы су жіберуге барлығы 3 мыңға жуық келісімшарт жасалды.
Министрлік су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізеді. Диқандарға түнгі суару ережелері мен ауыспалы егіске көшу түсіндіріледі. Заңсыз су айналымымен күреске ерекше көңіл бөлінуде – жақында Шардара су қоймасы маңында рұқсат етілмеген 24 сорғы анықталды. Министр суды заңсыз алу фактілерінің алдын алу мақсатында министрліктің құқық қорғау органдарымен белсенді ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.
Сонымен қатар ведомство басшысы аяқталуы 2026 жылға жоспарланған жаңа Шардара топтық су құбырының құрылыс барысымен танысты, оның ұзындығы шамамен 39 шақырымды құрайды. Жоба Шардара қаласы мен аудандағы 22 елді мекеннің тұрғындарын тәулігіне 12 мың текше метр жер асты суымен тұрақты қамтамасыз етеді.