Бектенов 1 қазанға дейін бүкіл автожол жобасын тексеруді тапсырды

© Sputnik / Абзал КалиевПлатные дороги в Казахстане
Платные дороги в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Жазылу
Мердігерлердің кепілдік талаптарын орындамай, сапасыз материалдарды пайдаланатыны айтылды
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында 1 қазанға дейін бүкіл Қазақстан бойынша автожол жобаларының жүзеге асырылуын тексеруді тапсырды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Көлік министрлігіне және Ұлттық сапа орталығына 1 қазанға дейін барлық автожол жобаларының жүзеге асырылуын тексеруді тапсырамын. Оның қорытындысында анықталған кінәлілерді жазалау бойынша есеп пен ұсыныстар енгізілсін. Көлік және Қаржы министрліктеріне Ұлттық сапа орталығының қызметін күшейту бойынша шешімдер дайындауды тапсырамын", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жиында мердігерлердің жол жұмыстарына сапасыз материалдарды пайдаланып жатқаны аталып өтті. Мысалы Павлодар тас жолының бетон төсемі көтеріліп кеткен, Солтүстік Қазақстан облысында тексерілген сынамалардың 43%-ы сапа стандарттарына сәйкес келмеген. Елді мекендердегі тұрғындар тарапынан жол сапасына қатысты ең көп сын Атырау және Түркістан облыстарында тіркелген.
Премьер-министр кепілдік мерзімін ұлғайтуды және мердігерлердің кепілдік міндеттемелерін сапасыз орындағаны үшін мердігерлік ұйымдар жауапкершілігін күшейтуді тапсырды.
Премьер-министр едәуір көлемде бюджет қаражаты бөлінгеніне қарамастан, кейбір өңірлерде оны игеру баяу жүріп жатқанын атап өтті. Мәселен, Абай облысында – 42%, Ақтөбеде – 52%, Ақмолада – 56% игерілген.
Жол жөндеу жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2025
Жол құрылысы тек цифрлық теңгемен қаржыландырылады - министр
Жаңалықтар
0