Абай облысында көпір пилонына шыққан ер адам полицейлерді әбігерге салды

© Photo : Предоставлено службой внешних коммуникаций АО "КаздорНИИ"Көпір
Көпір - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Жазылу
Жақын арада іс материалдары сотқа жолданады
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. 2025 жылдың 21 тамызында Абай облысындағы жаңа көпірде оқыс оқиға болды, деп хабарлады аймақтық полиция департаменті.
40 жастағы ер адам көпірдің бір пилонына шығып, адамдардың алаңдаушылығын туғызған.
"Оқиға орнына полицейлер, құтқарушылар, жедел жәрдем дәрігерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жетті. Қауіптің алдын алу мақсатында келіссөздерге психолог тартылды. Нәтижесінде жүргізілген жұмыстың арқасында ер адам өз еркімен төмен түсті", - деп жазылған хабарламада.
Полиция қызметкерлері оны ұстап, алкогольдік масаң күйдегі адамдарға арналған арнайы медициналық мекемеге жеткізді.
Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жақын арада іс материалдары сотқа жолданады.
Семей қаласындағы ескі көпірдің асфальты толық жаңартылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2025
Семей қаласында ескі көпір асфальты толық жаңартылды
Жаңалықтар
0