Семей қаласында ескі көпір асфальты толық жаңартылды

Семей қаласындағы ескі көпірдің асфальты толық жаңартылды
Семей қаласындағы ескі көпірдің асфальты толық жаңартылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2025
Жазылу
Асфальт жабынын ауыстыру жұмыстары 16 тамызда басталған болатын
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Семей қаласындағы ескі көпірдің асфальты толық жаңартылды, деп хабарлады Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аймаақ басшысы Берік Уәли қаланы аралау барысында жергілікті халыққа "Ескі көпір" атауымен белгілі автогуж көпірінде болды.
Мұндағы асфальт жабынын ауыстыру жұмыстары 16 тамызда басталған болатын. Бүгін жол белгілері сызылып, ертеңнен бастап қала тұрғындарының қолданысына беріледі.
Ұзындығы 1 шақырымға жуықтайтыын көпірде жылдамдық сағатына 40 шақырым болса, енді автокөліктер 60 шақырым жылдамдықпен жүреді, дейді әкімдіктгілер.
"Оқушылар каникулға шыққан кезде аспалы көпірге асфальт төсеуді бастағанбыз. Енді міне, жаңа оқу жылының қарсаңында екінші көпірді де аяқтап, тұрғындардың ыңғайлы жүріп-тұруы үшін жағдай жасап отырмыз", - деді аймақ басшысы.
Маңғыстау облысы Семей қаласына Достық үйін салып береді - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2025
Маңғыстау облысының сыйы: Семейде Достық үйі салынады
Жаңалықтар
0