АӘК алатын отбасылардағы 80,3 мың балаға қосымша жәрдемақы берілді

© Sputnik / Абзал КалиевШкольная ярмарка-2022 в Нур-Султане
Школьная ярмарка-2022 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардағы 80,3 мың балаға қосымша жәрдемақы берілді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"Осы жылдың 1 тамызындағы мәлімет бойынша АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 80,3 мың балаға 2,4 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы 48,3 мың отбасындағы 259,7 мың адамға 18,6 млрд теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 110,7 млрд теңге қарастырылған.
АӘК мыналарды көздейді:
табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру.
жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Үйі мен екі көлігі бар, кедей деуге келе ме?: Көшербаев жәрдемақы мәселесін түсіндірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
"Үйі мен екі көлігі бар, кедей деуге келе ме?": Көшербаев жәрдемақы мәселесін түсіндірді
Жаңалықтар
0