"Үйі мен екі көлігі бар, кедей деуге келе ме?": Көшербаев жәрдемақы мәселесін түсіндірді

© Sputnik / Абзал Калиев"Үйі мен екі көлігі бар, кедей деуге келе ме?": Көшербаев жәрдемақы мәселесін түсіндірді
Үйі мен екі көлігі бар, кедей деуге келе ме?: Көшербаев жәрдемақы мәселесін түсіндірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
Жазылу
Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша жағдайы бар көп балалы отбасына жәрдем ақы төлеудің орынына, мұқтаж адамдарға бөлу керек
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев табысы жоғары көпбалалы отбасыларға жәрдемақы бермеу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет әлеуметтік әділдікті орнатып, әлеуметтік алаяқтықты тоқтатуға мүдделі. Көшербаевтың айтуынша, бүгінде цифрландыру толығымен аяқталмаған. Ал кейбір адамдар соны пайдаланып, жағдайы жақсы болса да, қағаз анықтаманың негізінде жәрдемақы алып жүреді.
“Мысалы, бір кісі жағдайы қиын, кәдімгідей кедей тұратын отбасы болып тіркелген. Содан жергілікті бюджеттен, орталық бюджеттен және сақтандыру қорынан ақша алып отырған. Ал цифрландыру аясында барлық ақпараттық базаны қосқаннан кейін ол адамның жағдайы жақсы болып шыққан. Расында да, үйі бар, екі машинасы бар. Кредиті де бар екен. Соның бәрін уақытында төлеп отыр. Енді, сол кісіні кедей деп есептейміз бе? Осындай адамдарды табу керек. Олардың ақшасын мұқтаж адамдардың арасында бөлу керек. Мәселе сонда”, - деді Көшербаев үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов ауқатты көпбалалы отбасылар мемлекеттік көмекке мұқтаж адамдардың тізімінен шығарылатынын мәлімдеген болатын.
Кейбір көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді - премьер-министр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2025
Кейбір көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді - премьер-министр
Жаңалықтар
0