Кейбір көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді - премьер-министр

© Pixabay / Alexandr PodvalnyКейбір көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді - премьер-министр
Кейбір көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді - премьер-министр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2025
Жазылу
Бектеновтың айтуынша ауқатты көпбалалы отбасы мен көмекке мұқтаж көпбалалы отбасының мемлекеттен бірдей жәрдемақы алғаны әділ емес
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов ауқатты көпбалалы отбасылар мемлекеттік көмекке мұқтаж адамдардың тізімінен шығарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде көпбалалы отбасылардың барлығы ай сайынғы табысына қарамастан мемлекеттен бірдей жәрдемақы алады.
“Бірақ көпбалалы отбасылар да әртүрлі болады ғой. Мысалы, кейбір көпбалалы отбасылар үлкен бизнес ұстайды, жоғары табысы, үйі, бірнеше көлігі бар. Ал кейбір көпбалалы отбасылар шынымен де қиын өмірлік жағдайға тап болып, қарапайым заттарды да ала алмай жатады. Енді, ауқатты көпбалалы отбасы мен көмекке мұқтаж көпбалалы отбасының мемлекеттен бірдей жәрдемақы алғаны дұрыс па? Меніңше, әділ емес”, - деді Бектенов үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, қазіргі кезде әрбір отбасының цифрлық картасы жүргізіледі. Онда табыстың мөлшері және тағы мәліметтер бар. Осылайша, халық әл-ауқатына қарай алты санатқа бөлінген.
“Алтыншы санатқа сол табысы айтарлықтай жоғары отбасылар кіреді. Біз бұл санатты мемлекеттен көмек алатындардың қатарынан алып тастап жатырмыз. Меніңше, бұл - дұрыс шешім. Біз осы бағытта жұмыс істейміз. Шынымен де өз-өзін асырай алмайтындарға, жұмыс істей алмайтындарға көбірек көңіл бөлеміз. Мысалы, көпбалалы ана балаларды тәрбиелейді. Сол себепті жұмыс істей алмайды. Мүгедектігі бар адамға да жұмыс істеу қиын. Міне, осы азаматтарға біз көбірек басымдық береміз”, - деп атап көрсетті Бектенов.
Премьер-министр елімізде “әлеуметтік масылдық пен әлеуметтік алаяқтық” бар екенін де ашық айтты.
“Әлеуметтік көмек тек өз-өзін асырай алмайтын адамдарға көрсетілуі керек. Болды. Ал адам жұмыс істей алса, жұмыс істеуі керек. Біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Осыны халыққа ашық айтуымыз қажет”, - дейді Бектенов.
Сәби, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
123,1 мың адам бала күтіміне байланысты жәрдемақы алды
Жаңалықтар
0