Астанада пранк жасаған ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)

© Sputnik / Алексей Ничукин / Медиабанкке өтуЛифт, архивное фото
Лифт, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2025
Жазылу
Пранктің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Астанада орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желіні бақылау барысында полиция қызметкерлері ер адамның қорқынышты костюм киіп, лифт істен шыққандай етіп көрсетіп, қызды әдейі шошытқанын анықтады.
"Осы оқиға бойынша 26 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция мұндай "әзілге" жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырды.
Қытайда пранк жасаған қазақстандық блогер полицияға шақырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2025
"Өкінемін": Қытайда пранк жасаған қазақстандық блогер полицияға шақырылды
Жаңалықтар
0