https://sputnik.kz/20250819/tramp-zelenskiymen-soyleskennen-keyin-putinge-telefon-soqty-56433619.html
Трамп Зеленскиймен сөйлескеннен кейін Путинге хабарласты
Трамп Зеленскиймен сөйлескеннен кейін Путинге хабарласты
Sputnik Қазақстан
Әңгіме америкалық тараптың бастамасымен өтті 19.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-19T08:10+0500
2025-08-19T08:10+0500
2025-08-19T08:19+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/08/10/56396261_0:102:2931:1751_1920x0_80_0_0_45d7bc17506f6590e2cc3ad1e4c39a2f.jpg
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленский және ЕО басшыларымен келіссөздерінен кейін телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаков.Трамп Путинге Зеленский және Еуропа елдерінің басшыларымен болған келіссөздер туралы хабарлады. Президенттер Ресей мен Украина делегацияларының тікелей келіссөздерін жалғастыруды қолдады.Сонымен қатар, Путин мен Трамп тікелей Ресей-Украина келіссөздерінің деңгейін көтеру идеясын талқылады. Тараптар Украина дағдарысы және басқа да өзекті мәселелер бойынша бір-бірімен тығыз байланыста болуды жалғастыруға келісті, деді Ушаков.Трамппен әңгіме барысында Путин АҚШ президентінің Украинадағы жағдайды реттеуге күш салуының маңыздылығын айтты. Сондай-ақ Ресей президенті Трампқа қонақжайлылық пен Аляскадағы кездесуді жақсы ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ оның барысында қол жеткізілген жетістіктер үшін жылы лебізін білдірді.Дональд Трамп Truth Social парақшасында Путин мен Зеленскийдің кездесуінен кейін Ресей және Украинамен үшжақты кездесуге дайындықты бастағанын жазды.
https://sputnik.kz/20250818/tramp-zelenskiymen-kezdesu-aldynda-malimdeme-zhasady-56429349.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/10/56396261_62:0:2791:2047_1920x0_80_0_0_917f68d3ea9f7aad1ba76d5086dc6932.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Трамп Зеленскиймен сөйлескеннен кейін Путинге хабарласты
08:10 19.08.2025 (жаңартылды: 08:19 19.08.2025) Әңгіме америкалық тараптың бастамасымен өтті
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленский және ЕО басшыларымен келіссөздерінен кейін телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ресей басшысының көмекшісі
Юрий Ушаков.
Трамп Путинге Зеленский және Еуропа елдерінің басшыларымен болған келіссөздер туралы хабарлады. Президенттер Ресей мен Украина делегацияларының тікелей келіссөздерін жалғастыруды қолдады.
Сонымен қатар, Путин мен Трамп тікелей Ресей-Украина келіссөздерінің деңгейін көтеру идеясын талқылады. Тараптар Украина дағдарысы және басқа да өзекті мәселелер бойынша бір-бірімен тығыз байланыста болуды жалғастыруға келісті, деді Ушаков.
Трамппен әңгіме барысында Путин АҚШ президентінің Украинадағы жағдайды реттеуге күш салуының маңыздылығын айтты. Сондай-ақ Ресей президенті Трампқа қонақжайлылық пен Аляскадағы кездесуді жақсы ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ оның барысында қол жеткізілген жетістіктер үшін жылы лебізін білдірді.
Дональд Трамп Truth Social парақшасында Путин мен Зеленскийдің кездесуінен кейін Ресей және Украинамен үшжақты кездесуге дайындықты бастағанын жазды.
"Кездесулерден кейін мен президент Путинге телефон соғып, Путин мен Зеленскийдің кездесуіне дайындықты бастадым. Бұл кездесуден кейін бізде осы екі президент және мен қатысатын үшжақты кездесу болады", - деп жазды Трамп.