Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Зеленскиймен кездесу алдында мәлімдеме жасады

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуСаммит России и США на Аляске
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2025
Жазылу
Бүгін Вашингтонда Трамп пен Зеленскийдің кездесуі өтуі тиіс
АСТАНА, 18 тамыз - Sputnik. Владимир Зеленскиймен кездесу алдында АҚШ президенті Дональд Трамп тек жеңіс үшін ойнау керектігін айтты, деп хабарлайды Риа Новости.
"Жеңіс үшін ойна немесе мүлде ойнама", — деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.
Сондай-ақ америкалық көшбасшы жарты жылда алты жанжалды реттей алғанын алға тартты.
Алдағы кездесуге пікір білдіре отырып, Трамп Ақ үйге бұрын-соңды мұншама еуропалық көшбасшы бір уақытта келмегенін атап өтті.
"Америка үшін үлкен мәртебе. Нәтижесі қандай болатынын көрейік", - деп қосты ол.
Бүгін Вашингтонда Трамп пен Зеленскийдің кездесуі өтуі тиіс. Оған Франция президенті Эммануэль Макрон, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте, Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен, Германия канцлері Фридрих Мерц, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони және Финляндия президенті Александр Стубб та қатысуға ниетті екенін мәлімдеді.
Bild газетінің мәліметінше, алдымен АҚШ басшысы Киев режимінің басшысымен жеке сөйлесіп, содан кейін ғана еуропалық көшбасшылармен кездеседі.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, іс-шарада Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері талқыланады. Ал АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф қақтығысқа қатысты аумақтық мәселелер бойынша да келісімге келуге үміт білдірді.

Аляскадағы саммит

Сенбіге қараған түні Владимир Путин мен Дональд Трамп Анкоридж қаласындағы Эльмендорф-Ричардсон әскери базасында кездесті. "Үште үш" форматындағы шағын құрамдағы кездесу 2 сағат 45 минутқа созылды.
Ресей тарапынан кездесуге Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президенттің көмекшісі Юрий Ушаков қатысты.
Президенттер екі елдің нақты нәтижеге ұмтылысын және бірлесіп жұмыс істеуге арналған бағыттардың көптігін атап өтті. Олар Украинадағы қақтығысты аяқтауға дайын екендерін де айтты.
Трамптың айтуынша, жанжалды реттеудің маңызды тармақтары бойынша әзірге келісім жоқ, бірақ келісуге жақсы мүмкіндік бар. Ол Владимир Зеленскийді Ресеймен келісімге келуге шақырып, бейбітшіліктің мүмкіндігі Зеленский мен Еуропа елдеріне байланысты екенін атап өтті.
Өз кезегінде Путин Аляскадағы кездесудің қажетті шешімдерге жақындатқанын айтты. Ресей де, АҚШ сияқты, Украинадағы ұрыстардың тезірек тоқтауын қалайды деді ол.
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин мен Трамптың кездесуі қалай өтті
Жаңалықтар
0