https://sputnik.kz/20250819/tarazda-zhshs-kelisimshartta-turgyndardyn-qoltanbasyn-qoldan-zhasagan-56438812.html
Таразда 60 млрд теңгеге жуық бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған
Таразда 60 млрд теңгеге жуық бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған
Sputnik Қазақстан
Келісімшарт көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жасалған 19.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-19T10:08+0500
2025-08-19T10:08+0500
2025-08-19T10:57+0500
прокуратура
тараз
https://sputnik.kz/img/530/56/5305613_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_65e8119cc40f9f64a5ff6504597f1fb2.jpg
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Тараз қаласының прокуратурасы 60 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактісін анықтады, деп хабарлады бас прокуратура.Қалалық прокуратура ЖШС қызметін тексеру барысында көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жасалған төртжақты келісімшартта тұрғындардың қолтаңбаларының қолдан жасалғанын анықтады.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге мердігер ұйымды таңдау үй кеңесінің құзыретіне жатады.Алайда бұл жағдайда тұрғындарға мердігерді таңдауға мүмкіндік берілмей, олардың қолтаңбалары қолдан жасалған.Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Сонымен қатар серіктестік қызметін тексеру нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға бөлінген 59 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.Аталған қылмыстық істі тергеу Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
https://sputnik.kz/20250723/tarazda-zauyt-qyzmetkeri-sot-arqyly-zhumysqa-qayta-ornalasty-55878198.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/530/56/5305613_108:0:1813:1279_1920x0_80_0_0_2035cc5aa9f4f84af40c873d1827ce77.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура, тараз
Таразда 60 млрд теңгеге жуық бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған
10:08 19.08.2025 (жаңартылды: 10:57 19.08.2025) Келісімшарт көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жасалған
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Тараз қаласының прокуратурасы 60 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактісін анықтады, деп хабарлады
бас прокуратура.
Қалалық прокуратура ЖШС қызметін тексеру барысында көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жасалған төртжақты келісімшартта тұрғындардың қолтаңбаларының қолдан жасалғанын анықтады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге мердігер ұйымды таңдау үй кеңесінің құзыретіне жатады.
Алайда бұл жағдайда тұрғындарға мердігерді таңдауға мүмкіндік берілмей, олардың қолтаңбалары қолдан жасалған.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сонымен қатар серіктестік қызметін тексеру нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға бөлінген 59 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Аталған қылмыстық істі тергеу Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.