Таразда зауыт қызметкері сот арқылы жұмысына қайта орналасты

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2025
Жазылу
Сот жұмысшының жұмыста болмау себебін дәлелді деп тауып, оның құқығын қорғады
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Тараз тұрғыны келісімшартты бұзу түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты заңсыз деп тану, бұрынғы қызметін қалпына келтіру, мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған уақыты үшін жалақысын өндіру және моральдық зиянды өтеу үшін қалалық сотқа арызданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тараз қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше ол 2022 жылдың қараша айынан бастап "Қазфосфат ЖТК" ЖШС қоймасында оператор болып жұмыс істеп келгені анықталды. 2023 жылдың қазан айында жұмыс беруші қызметкердің дәлелді себептерсіз жұмыс орнында сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін болмағанын алға тартып, еңбек тәртібін бұзу туралы акт жасаған. Талап қоюшыға еңбек шартының бұзылғаны туралы хабарланған.
Сот талап қоюшының жұмысқа бара жатқанда автокөлігінің дөңгелегі жарылып, тұрақта тұрған автокөлікпен соқтығысып қалғаның анықтады, бұл туралы талап қоюшы дер кезінде өзінің тікелей басшыларына хабарлаған.
"Ұсынылған хат-хабарлардың скриншоттарынан талап қоюшы екі тікелей бастығымен хабарласып, оларға жұмысқа уақтылы келмеу себебін түсіндірген. Бұл ретте бастықтарының бірі С.-ны жақсы қызметкер екенін көрсетіп, жақсы жағынан сипаттаған", - деп жазылған хабарламада.
Жауапкер еңбек шартын бұзудың заңдылығына сілтеме жасай отырып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.
Куәлердің, талап қоюшының айғақтарын және сотқа ұсынылған хат-хабарлардың скриншоттары мен автокөліктің фотосуреттерін ескере отырып, сот талап қоюшы жұмыс орнында болмау себебінің дәлелді екендігін уақтылы хабарлады деген қорытындыға келді.
Өндіріс тоқтап қалмаған және жұмыс берушіге залал келтірілмеген.
Сот талап қою арызын ішінара қанағаттандырып, бұйрықтардың күшін жойып, оны заңсыз деп таныды. Талап қоюшыны жұмысқа қайта орналастырып, мәжбүрлі жұмысқа келмегені үшін 1,4 млн теңге мөлшерінде жалақы және 500 мың теңге мөлшерінде моральдық зиянның өтемақысын өндіріп берді.
Шешім заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
0