https://sputnik.kz/20250819/qonaevta-birden-bes-shagyn-audanda-gaz-tartylyp-zhatyr-56458018.html
Қонаевта бірден бес шағын ауданда газ тартылып жатыр
Қонаевта бірден бес шағын ауданда газ тартылып жатыр
Sputnik Қазақстан
Газға қосылу құны тұрғындар үшін 200–220 мың теңге аралығында болады 19.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-19T21:05+0500
2025-08-19T21:05+0500
2025-08-19T21:05+0500
газдандыру
қонаев қаласы
https://sputnik.kz/img/711/24/7112449_0:157:3083:1891_1920x0_80_0_0_675ec334e9da6ea5771cceb2d8d11319.jpg
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қонаев қаласында бірден бес шағын ауданда – Арна, Спутник, 19, 20 және Рауан аумағында халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.Жобаның жалпы инженерлік желілерінің ұзындығы 89 шақырымды құрайды, оның ішінде 7 шақырымы салынды.Құрылыстың жалпы ұзақтығы 14 айға есептелген. Негізгі жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, одан кейін іске қосу-реттеу кезеңі басталады.Табиғи газды үйлерге қосу 2026 жылдың наурыз айына белгіленген. Барлық рәсім аяқталған соң желілер пайдаланушы ұйымның балансына беріліп, техникалық шарттар беру басталады. Газға қосылу құны тұрғындар үшін 200–220 мың теңге аралығында болады.Алдағы маңызды міндеттердің бірі – автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГТС) салу, бұл отын жеткізудің сенімділігін және тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.Бүгінде Қонаевта 6 618 тұтынушы табиғи газға қосылған. Оның ішінде 5 699 пәтер, 28 кәсіпорын және 78 шағын коммуналдық нысан бар. Жақын маңдағы елді мекендерді ескере отырып, қаланың газдандыру деңгейі 42 пайызға жетті.
https://sputnik.kz/20250818/biyl-otandyq-munay-ondeu-zauyttarynda-104-million-tonna-munay-ondeldi-56428941.html
қонаев қаласы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/711/24/7112449_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_e6a0c07e1c644bf12150fda4ac14945a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газдандыру, қонаев қаласы
газдандыру, қонаев қаласы
Қонаевта бірден бес шағын ауданда газ тартылып жатыр
Газға қосылу құны тұрғындар үшін 200–220 мың теңге аралығында болады
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қонаев қаласында бірден бес шағын ауданда – Арна, Спутник, 19, 20 және Рауан аумағында халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.
Жобаның жалпы инженерлік желілерінің ұзындығы 89 шақырымды құрайды, оның ішінде 7 шақырымы салынды.
"7 мыңнан астам стояк орнатылып, қалған жұмысты атқаруға қажетті құбырлар сатып алынды. Қазіргі уақытта құрылыс көлемінің 20 пайыздан астамы игерілді", - деп жазылған хабарламада.
Құрылыстың жалпы ұзақтығы 14 айға есептелген. Негізгі жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, одан кейін іске қосу-реттеу кезеңі басталады.
Табиғи газды үйлерге қосу 2026 жылдың наурыз айына белгіленген. Барлық рәсім аяқталған соң желілер пайдаланушы ұйымның балансына беріліп, техникалық шарттар беру басталады. Газға қосылу құны тұрғындар үшін 200–220 мың теңге аралығында болады.
"Сонымен қатар Кешенді жоспар аясында ауылдарды, бау-бақша серіктестіктері мен жаңа шағын аудандарды газдандыруға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр", - деп атап өтті әкімдік.
Алдағы маңызды міндеттердің бірі – автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГТС) салу, бұл отын жеткізудің сенімділігін және тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде Қонаевта 6 618 тұтынушы табиғи газға қосылған. Оның ішінде 5 699 пәтер, 28 кәсіпорын және 78 шағын коммуналдық нысан бар. Жақын маңдағы елді мекендерді ескере отырып, қаланың газдандыру деңгейі 42 пайызға жетті.