https://sputnik.kz/20250819/qazaqstan-2028-zhylga-deyin-negizgi-azyq-tulikpen-ozin-ozi-tolyq-qamtudy-zhosparlap-otyr-56458278.html
Қазақстан 2028 жылға дейін негізгі азық-түлікпен өзін-өзі толық қамтуды жоспарлап отыр
Қазақстан 2028 жылға дейін негізгі азық-түлікпен өзін-өзі толық қамтуды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың басым бөлігі ЕАЭО елдері арасындағы ең арзаны болып отыр 19.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-19T21:36+0500
2025-08-19T21:36+0500
2025-08-19T21:36+0500
азық-түлік
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38573396_0:207:2908:1843_1920x0_80_0_0_3b754f7bbd87636a1ac2ad267dc2158d.jpg
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстан 2028 жылға дейін негізгі азық-түлік өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл туралы үкіметте өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.Азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша нақты іс-шаралар АӨК-ті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есеге арттыру жөніндегі Жол картасында бекітілген.Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, 2021–2024 жылдары жалпы өнім көлемі 11,3%-ға көтеріліп, 7,5 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге дейін өсті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 14%-ға (4,4-тен 5 трлн теңгеге дейін), мал шаруашылығы 5,6%-ға (3,1-ден 3,29 трлн теңгеге дейін) артты. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өсім 3,7%-ды құрап, 1,8 трлн теңгеге жетті.Мал шаруашылығында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында барлық мал түрінің саны өскен:Бұл өнім өндірудің артуына ықпал етті: ет (тірідей салмақта) – 529,9 мың тонна (+1,5%), құс еті – 187,7 мың тонна (+4,9%), сүт – 1,8 млн тонна (+7%), тауық жұмыртқасы – 2,2 млрд дана (+0,9%).Азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 10,5%-ға өсіп, 1,8 трлн теңгені құрады. Сүт, ет, ұн, макарон өнімдері, өсімдік және сары май өңдеу көлемі артты.Аталған бағыттардағы тәуелділікті төмендету үшін инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 2022–2024 жылдары қуаттылығы 144 мың тонна болатын 17 құс фабрикасы іске қосылды. Бұл құс етімен қамтамасыз ету деңгейін 67%-дан 79%-ға жеткізді. 2028 жылға дейін тағы 41 кәсіпорын іске қосылып, толық өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізіледі.Егер 2019 жылы елде небәрі 19 сүт фермасы болса, бүгінде олардың саны 69-ға жетті, тағы 47-сі салынуда. Барлығы 116 ферма іске қосылған соң сүт өндірісі жылына 600 мың тоннаға артып, ірімшік пен сүзбе қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі.Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың басым бөлігі ЕАЭО елдері арасындағы ең арзаны болып отыр."Күнбағыс майы, сүзбе, жұмыртқа, тұз, қарақұмық, күріш, ұн, көкөніс сынды барлығы 15 азық-түлік өнімі бойынша Қазақстанда ЕАЭО елдерінің ішіндегі ең төмен нарықтық бағалар тіркелген. Сүт пен сиыр еті бойынша Қазақстан тек Беларусьтан кейін тұр, құс еті бойынша Беларусь пен Ресейден, ал сары май бойынша Қырғызстаннан кейін", – деді бірінші вице-министр.
https://sputnik.kz/20250805/azyq-tulikti-deldalsyz-satyp-alu-zhuyesi-qalay-zhumys-isteydi-56173809.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38573396_89:0:2820:2048_1920x0_80_0_0_c01f8379dd2a9ddb42ec8df5bd9267ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік, қазақстан
Қазақстан 2028 жылға дейін негізгі азық-түлікпен өзін-өзі толық қамтуды жоспарлап отыр
Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың басым бөлігі ЕАЭО елдері арасындағы ең арзаны болып отыр
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстан 2028 жылға дейін негізгі азық-түлік өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл туралы үкіметте өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша нақты іс-шаралар АӨК-ті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есеге арттыру жөніндегі Жол картасында бекітілген.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, 2021–2024 жылдары жалпы өнім көлемі 11,3%-ға көтеріліп, 7,5 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге дейін өсті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 14%-ға (4,4-тен 5 трлн теңгеге дейін), мал шаруашылығы 5,6%-ға (3,1-ден 3,29 трлн теңгеге дейін) артты. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өсім 3,7%-ды құрап, 1,8 трлн теңгеге жетті.
"Биыл егіс алаңы 23,6 млн гектарға дейін ұлғайтылды (+322,8 мың га). Бұл ретте дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алқабы қысқарып (- 629,9 мың га), әлеуметтік маңызы бар әрі жоғары рентабельді дақылдардың алқабы кеңейді: майлы дақылдар – 4 млн га (+1 055,5 мың га), картоп – 131,2 мың га (+9,3 мың га)", - деп жазылған хабарламада.
Мал шаруашылығында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында барлық мал түрінің саны өскен:
ІҚМ – 8,3%-ға (8,8 млн бас),
қой мен ешкі – 0,8%-ға (21,5 млн бас),
жылқы – 4,7%-ға (4,6 млн бас),
құс – 2,7%-ға (47,7 млн бас).
Бұл өнім өндірудің артуына ықпал етті: ет (тірідей салмақта) – 529,9 мың тонна (+1,5%), құс еті – 187,7 мың тонна (+4,9%), сүт – 1,8 млн тонна (+7%), тауық жұмыртқасы – 2,2 млрд дана (+0,9%).
Азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 10,5%-ға өсіп, 1,8 трлн теңгені құрады. Сүт, ет, ұн, макарон өнімдері, өсімдік және сары май өңдеу көлемі артты.
"Қазақстан өзін негізгі азық-түлік өнімдерімен 80–100% және одан да жоғары деңгейде қамтамасыз етіп отыр. Ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, ұн – бұлардың бәрі еліміздің тұрғындарының қажеттілігін толық өтеуде. Десе де, құс еті, шұжық, ірімшік, қант және балық бойынша импорт сақталуда", – деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.
Аталған бағыттардағы тәуелділікті төмендету үшін инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 2022–2024 жылдары қуаттылығы 144 мың тонна болатын 17 құс фабрикасы іске қосылды. Бұл құс етімен қамтамасыз ету деңгейін 67%-дан 79%-ға жеткізді. 2028 жылға дейін тағы 41 кәсіпорын іске қосылып, толық өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізіледі.
Егер 2019 жылы елде небәрі 19 сүт фермасы болса, бүгінде олардың саны 69-ға жетті, тағы 47-сі салынуда. Барлығы 116 ферма іске қосылған соң сүт өндірісі жылына 600 мың тоннаға артып, ірімшік пен сүзбе қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың басым бөлігі ЕАЭО елдері арасындағы ең арзаны болып отыр.
"Күнбағыс майы, сүзбе, жұмыртқа, тұз, қарақұмық, күріш, ұн, көкөніс сынды барлығы 15 азық-түлік өнімі бойынша Қазақстанда ЕАЭО елдерінің ішіндегі ең төмен нарықтық бағалар тіркелген. Сүт пен сиыр еті бойынша Қазақстан тек Беларусьтан кейін тұр, құс еті бойынша Беларусь пен Ресейден, ал сары май бойынша Қырғызстаннан кейін", – деді бірінші вице-министр.