https://sputnik.kz/20250819/almaty-oblysynda-kopbalaly-ana-ozin-ortemek-boldy-56456462.html
Алматы облысында көпбалалы ана өзін өртемек болды
Алматы облысында көпбалалы ана өзін өртемек болды
Sputnik Қазақстан
Ол бөліп төлеу арқылы алған үйінен 6 баласымен қуылып жатқан көрінеді 19.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-19T17:42+0500
2025-08-19T17:42+0500
2025-08-19T19:41+0500
алматы облысы
көпбалалы отбасы
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_0:235:4513:2773_1920x0_80_0_0_e96e7fd726a090c4e5e1d86ea435d0b5.jpg
АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Алматы облысында 6 баланың анасы өзін әкімдік ғимараты алдында өртемек болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиға 19 тамыз түске дейін болған. Жанармай құйылған пластик құты ұстаған әйел мен әкімдік қызметкерінің жанжалдасқан бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.Әйел дәл әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеуге әрекеттенген, ал әкімдік маманы оны тоқтатпақ болған.Әкімдік әйелдің Қаскелең қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Гүлнәр Молдабекова екенін айтты.Ол Алтын ауыл ықшам ауданындағы бөліп төлеу арқылы алған үйінен 6 баласымен қуылып жатқан көрінеді. Әйелдің айтуынша, ол қарызынан құтылған, қолында барлық құжаты бар. Бірақ үй иесі қитұрқы әрекеттерге барып, пәтерді банктен кепілден шығармай отырған көрінеді.Оқиғаға қатысты Қарасай аудандық әкімдігі түсініктеме берді.Ведомствоның мәліметінше, тұрғын әділдік іздеп, өзін өртемек болған."Бұл мәселе әкімдікке емес, сот органдарына қатысты. Сол саланың құзіретіне жататыны туралы тұрғынға түсіндірілді. Көпбалалы ананың проблемасы сотта шешіледі", - дейді Қарасай аудандық соты.
https://sputnik.kz/20230828/shymkent-prokuraturasynyn-gimaratynda-er-adam-ozin-ortemek-boldy-38009929.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_250:0:4261:3008_1920x0_80_0_0_a7826cb519f4ebfdbb456068e8c52317.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, көпбалалы отбасы
алматы облысы, көпбалалы отбасы
Алматы облысында көпбалалы ана өзін өртемек болды
17:42 19.08.2025 (жаңартылды: 19:41 19.08.2025) Ол бөліп төлеу арқылы алған үйінен 6 баласымен қуылып жатқан көрінеді
АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Алматы облысында 6 баланың анасы өзін әкімдік ғимараты алдында өртемек болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 19 тамыз түске дейін болған. Жанармай құйылған пластик құты ұстаған әйел мен әкімдік қызметкерінің жанжалдасқан
бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Әйел дәл әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеуге әрекеттенген, ал әкімдік маманы оны тоқтатпақ болған.
Әкімдік әйелдің Қаскелең қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Гүлнәр Молдабекова екенін айтты.
Ол Алтын ауыл ықшам ауданындағы бөліп төлеу арқылы алған үйінен 6 баласымен қуылып жатқан көрінеді. Әйелдің айтуынша, ол қарызынан құтылған, қолында барлық құжаты бар. Бірақ үй иесі қитұрқы әрекеттерге барып, пәтерді банктен кепілден шығармай отырған көрінеді.
Оқиғаға қатысты Қарасай аудандық әкімдігі түсініктеме берді.
"Өзін өртемек болған Молдабекованың айтуынша, азамат Н. Қараев одан сот арқылы баспанасын тартып алмақ. Жауапты орган мамандары тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізді", - дейді әкімдік.
Ведомствоның мәліметінше, тұрғын әділдік іздеп, өзін өртемек болған.
"Бұл мәселе әкімдікке емес, сот органдарына қатысты. Сол саланың құзіретіне жататыны туралы тұрғынға түсіндірілді. Көпбалалы ананың проблемасы сотта шешіледі", - дейді Қарасай аудандық соты.