https://sputnik.kz/20230828/shymkent-prokuraturasynyn-gimaratynda-er-adam-ozin-ortemek-boldy-38009929.html
Шымкент прокуратурасының ғимаратында ер адам өзін өртемек болды
Шымкент прокуратурасының ғимаратында ер адам өзін өртемек болды
Sputnik Қазақстан
Тексеруден кейін азаматтардың әрекеттеріне заңды баға берілетін болады 28.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-28T21:47+0500
2023-08-28T21:47+0500
2023-08-28T21:47+0500
шымкент
прокуратура
https://sputnik.kz/img/13/42/134247_0:0:5184:2916_1920x0_80_0_0_8f000a70c026ea07b99e38d725176496.jpg
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Шымкент қалалық прокуратурасының ғимаратында ер адам өзін өртемек болды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.Оқиға 28 тамыз сағат 11:47-де болған."Шымкент қаласы прокуратурасының фронт офисіне 15-ке жуық азамат Еңбекші ауданының полиция басқармасымен тергелген қылмыстық іс бойынша қабылданған шешіммен келіспейтінін айтып, келген шағымы бойынша қала прокурорының жеке қабылдауын талап еткен", - дейді қалалық прокуратура.Шымкент қаласы прокуратурасының кезекші прокуроры түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында келгендердің ішінен бір ер азамат "бензин" жанар-жағармайын үстіне құйып, өз-өзін өртеуге оқталған.Бұл оқиғаға қатысты Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде тергеу жүріп жатыр. Покуратураның айтуынша, тексеруден кейін азаматтардың әрекеттеріне заңды баға берілетін болады.
https://sputnik.kz/20220331/zheli-bala-ort-ayel-23867257.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/13/42/134247_576:0:5184:3456_1920x0_80_0_0_2762b93eee029cf1b00ca4bfe38dc552.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, прокуратура
Шымкент прокуратурасының ғимаратында ер адам өзін өртемек болды
Тексеруден кейін азаматтардың әрекеттеріне заңды баға берілетін болады
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Шымкент қалалық прокуратурасының ғимаратында ер адам өзін өртемек болды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Оқиға 28 тамыз сағат 11:47-де болған.
"Шымкент қаласы прокуратурасының фронт офисіне 15-ке жуық азамат Еңбекші ауданының полиция басқармасымен тергелген қылмыстық іс бойынша қабылданған шешіммен келіспейтінін айтып, келген шағымы бойынша қала прокурорының жеке қабылдауын талап еткен", - дейді қалалық прокуратура.
Шымкент қаласы прокуратурасының кезекші прокуроры түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында келгендердің ішінен бір ер азамат "бензин" жанар-жағармайын үстіне құйып, өз-өзін өртеуге оқталған.
"Прокуратура қызметкерлері тез арада әрекет етіп, ер адамның өзін өртеуге жол бермеді. Сонымен қатар қала прокуратурасына келген тұрғындардың арасында бір әйел азаматша өзін нашар сезініп, жедел жәрдем бригадасымен медициналық көмек көрсетілдіә, - дейді ведомство.
Бұл оқиғаға қатысты Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде тергеу жүріп жатыр. Покуратураның айтуынша, тексеруден кейін азаматтардың әрекеттеріне заңды баға берілетін болады.