https://sputnik.kz/20220331/zheli-bala-ort-ayel-23867257.html
"Жоқшылықтан шаршадым": желіде 4 баласы мен өзін өртемек болған әйелдің видеосы тарады
"Жоқшылықтан шаршадым": желіде 4 баласы мен өзін өртемек болған әйелдің видеосы тарады
Sputnik Қазақстан
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жағдай 28 наурызда болған 31.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-31T12:23+0500
2022-03-31T12:23+0500
2023-08-10T11:53+0500
қоғам
түркістан облысы
өрт
көпбалалы отбасы
https://sputnik.kz/img/13/42/134247_0:0:5184:2916_1920x0_80_0_0_8f000a70c026ea07b99e38d725176496.jpg
АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Әлеметтік желіде Түркістан облысының тұрғыны өзімен бірге 4 баласын өртеп жібермекші болғаны түсірілген видео тарады. Видеода көпбалы ана үйінің ішіне әдейі өрт қояды. Бөлме ортасында көрпешелер өртеніп жатыр. Өзін Түркістан облысы Жетісай қаласының тұрғынымын деп таныстырған Ақмарал Асылбекова телефонына түсірілген видеода мұндай қадамға баруына кімдердің себеп болғанын айтқан. "Үйге өрт қойған себебім – өзімді және балаларымды бұл дүниеден алып кету, қатыгездік... әділетсіздік жоқ, жанайқайымды түсінетін жаққа кетеміз. Мынау қиындықтан шаршадым. Жоқшылықтан шаршадым. Адамдардың қысым көрсетуінен шаршадым. Менің өліміме, осы 4 баламның өліміне Жетісай қаласының құзырлы органдары және әкімшілік кінәлі", - дейді әйел видеода. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жағдай 28 наурызда болған. Содан кейін әйелдің үйіне Жетісай ауданының полиция мен прокуратура қызметкерлері барып, жағдайын білген. "Әйелдің үйіндегі жанған зат сол мезетте сөндірілген, балаларына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Полицейлер әйелге түсіндіру жұмыстарын жүргізді", - деп хабарлады жергілікті полиция. Сондай-ақ бұл отбасы құзырлы орындардың бақылауына алынды.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/13/42/134247_576:0:5184:3456_1920x0_80_0_0_2762b93eee029cf1b00ca4bfe38dc552.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, өрт, көпбалалы отбасы
түркістан облысы, өрт, көпбалалы отбасы
"Жоқшылықтан шаршадым": желіде 4 баласы мен өзін өртемек болған әйелдің видеосы тарады
12:23 31.03.2022 (жаңартылды: 11:53 10.08.2023) Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жағдай 28 наурызда болған
АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Әлеметтік желіде Түркістан облысының тұрғыны өзімен бірге 4 баласын өртеп жібермекші болғаны түсірілген видео тарады.
Видеода көпбалы ана үйінің ішіне әдейі өрт қояды. Бөлме ортасында көрпешелер өртеніп жатыр.
Өзін Түркістан облысы Жетісай қаласының тұрғынымын деп таныстырған Ақмарал Асылбекова телефонына түсірілген видеода мұндай қадамға баруына кімдердің себеп болғанын айтқан.
"Үйге өрт қойған себебім – өзімді және балаларымды бұл дүниеден алып кету, қатыгездік... әділетсіздік жоқ, жанайқайымды түсінетін жаққа кетеміз. Мынау қиындықтан шаршадым. Жоқшылықтан шаршадым. Адамдардың қысым көрсетуінен шаршадым. Менің өліміме, осы 4 баламның өліміне Жетісай қаласының құзырлы органдары және әкімшілік кінәлі", - дейді әйел видеода.
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жағдай 28 наурызда болған.
Содан кейін әйелдің үйіне Жетісай ауданының полиция мен прокуратура қызметкерлері барып, жағдайын білген.
"Әйелдің үйіндегі жанған зат сол мезетте сөндірілген, балаларына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Полицейлер әйелге түсіндіру жұмыстарын жүргізді", - деп хабарлады жергілікті полиция.
Сондай-ақ бұл отбасы құзырлы орындардың бақылауына алынды.