145 мың тонна қазақстандық астық Эстония порты арқылы Италияға экспортталды

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуСушка зерна, архивное фото
Сушка зерна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2025
Жазылу
Қазақстандық астықтың еуропалық нарықтарға экспорттық жеткізілімдері кеңеюін жалғастыруда
АСТАНА, 18 тамыз - Sputnik. 2025 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Ақмола облысының аграршылары Эстония портының инфрақұрылымы арқылы 145 мың тонна астық экспорттады, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Оның ішінде 110 мың тоннадан астамы — Италияға, 28 мың тоннадан астамы — Бельгияға, шамамен 6,5 мың тоннасы — Эстонияға жөнелтілді.
"Эстонияның Muuga портының логистикалық мүмкіндіктерін пайдалану 2025 жылғы ақпанда Ақмола облысы әкімдігі мен Muuga Grain Terminal астық терминалы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында мүмкін болды", - делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылғы 10 тамызға дейін жаңа өнімді астық экспортының көлемі 9,8 млн тоннаны құрады. Бұл 2023–2024 жылдардың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55%-ға артық.
В Туркестанской области увеличился объем промышленной продукции  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2025
Тамыздың алғашқы онкүндігінде 1,2 млн тонна астық жиналды
Жаңалықтар
0