Тамыздың алғашқы онкүндігінде 1,2 млн тонна астық жиналды

© PhotoВ Туркестанской области увеличился объем промышленной продукции
В Туркестанской области увеличился объем промышленной продукции  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2025
Жазылу
8 өңірде егін жинау науқаны басталды
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Тамыздың алғашқы онкүндігінде Қазақстанда 1,2 млн тонна астық жиналды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда еліміз бойынша 903,9 мың га дәнді дақыл, 1,2 млн тонна астық, 5,7 мың тонна майлы дақыл, 343,6 мың тонна картоп, 1,1 млн тонна көкөніс және 1,4 млн тонна бақша дақылы жиналды.
Ел бойынша жаппай егін жинау науқаны тамыздың үшінші онкүндігінде басталады.
"Егін жинау жұмыстарына барлығы 139 мың трактор, 31 мың астық жинайтын комбайн, 17 мың орақ және 130 мың басқа техника жұмылдырылады. Бүгінгі таңда жалпы дайындық 93%-ды құрайды", - деп жазылған хабарламада.
Өңірлерге егін жинау жұмыстарын жүргізуге 254 теңге/литрге жеңілдікті бағамен 402 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл нарықтық құннан 18-20%-ға арзан.
В Туркестанской области увеличился объем промышленной продукции  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2025
Ауыл шаруашылығы техникасы жеңілдетілген лизингке беріле бастайды
Жаңалықтар
0