Күршім ауданында барлық ауыл интернетпен қамтылады - облыс әкімі

© Sputnik / Владимир Астапкович5G интернет байланысы
5G интернет байланысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2025
Жазылу
Облыста барлығы 234 елді мекен интернетпен қамтамасыз етілген
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. 2027 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына қарасты барлық ауыл интернетпен қамтылады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бұл туралы Шығыс аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов аудан тұрғындарымен кездесуде айтты.
Ресми дерекке сәйкес, облыста барлығы 234 елді мекен интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері тағы 16 ауыл желіге қосылды.
"2027 жылдың соңына дейін тағы 123 елді мекен интернетпен қамтылады. Күршім ауданында бұл көрсеткіш 83,7%-ды құрайды. Дегенмен, 2379 тұрғыны бар 10 елді мекенде байланыстың жоқтығына немесе сапасының төмендігіне шағым түсіп жатыр", – деді облыс әкімі.
Атап айтқанда, Бурабай, Теректібұлақ, Топтерек, Ақши, Егіндібұлақ, Күршім-Қыстау, Қайнар, Жолнұсқау, Үшбұлақ және Қаратоғай ауылдарында интернет мәселесі өзекті болып отыр.
Өткен жылы байланысты жақсарту үшін бірнеше елді мекенде биіктігі 40 метр болатын төрт антенна орнатылды. Қалған ауылдарды интернетпен қамту 2027 жылдың соңына дейін кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
Интернет станциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2025
Абай облысында барлық негізгі жол мобильді интернетпен толық қамтылады
Жаңалықтар
0