Абай облысында барлық негізгі жол мобильді интернетпен толық қамтылады

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуИнтернет станциясы
Интернет станциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2025
Жазылу
Бұл көрсеткішке 2027 жылдың соңына дейін қол жеткізу көзделіп отыр
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Абай облысында 252 ауыл, яғни 77%-ы сымды және мобильді интернетпен қамтамасыз етілген, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдік мәліметінше, өңірдегі 93 елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желісі бар. 233 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту қажет.
"Қолжетімді интернет" ұлттық жобасымен Қазақстандағы 2991 ауылдық елді мекенді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту көзделген. Бұл тізімде Абай облысындағы 179 ауылдық елді мекені бар. Жоба аясында 2027 жылға қарай өңірдегі ауылдық елді мекендерді интернетпен қамту көрсеткіші 96%-ға дейін жеткізіледі.
"Сонымен қатар, облыс аумағынан өтетін республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда интернет пен мобильді байланысқа қолжетімсіз учаскелер бар. Ұлттық жоба аясында республикалық маңызы бар автожолдар бойында 40 антенна-діңгек құрылысын салу көзделген. 2027 жылдың соңына дейін барлық негізгі жолдар мобильді интернетпен толық қамтылады", - деп жазылған хабарламада.
Облыстағы туристік орындардағы интернет сапасын жақсарту мәселесі де әкімдіктің басты назарында тұр.
Мачта базовой станции интернет-компании, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ұлыбритания, Германия елдерінен озды
Жаңалықтар
0