https://sputnik.kz/20250428/qazaqstan-mobildi-internet-zhyldamdygy-boyynsha-ulybritaniya-germaniya-elderinen-ozdy-52945596.html
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ұлыбритания, Германия елдерінен озды
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ұлыбритания, Германия елдерінен озды
Sputnik Қазақстан
Елімізде 4G-ге қарағанда 5G он есе жылдам болып шықты 28.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-28T21:32+0500
2025-04-28T21:32+0500
2025-04-28T21:32+0500
интернет
рейтинг
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0e/32915345_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_84778f692d9494ff74953c6007941b62.jpg
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Биыл наурыз айында Қазақстан мобильді интернеттің жылдамдығы жағынан әлемдік рейтингте бір сатыға көтеріліп, үздік 50 елдің қатарына енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Finprom.kz порталына сілтеме жасап."Ookla" халықаралық компаниясының зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы мобильді интернеттің жылдамдығы 5G желілерін дамытудың арқасында күрт өсті. Бүгінде секундына шамамен 81,7 Мбит-ті құрайды. Соның арқасында Қазақстан рейтингте Румыния, Мажарстан, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Жапония және тағы басқа елдерден басып озды. Ал Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінен де жоғары болды.Айта кетері, Қазақстанда 2023 жылдан бері 5G желілерін дамыту жұмыстары атқарылып келеді. Жылдың басында республика бойынша орнатылған 5G базалық станцияларының саны 3 мыңнан асты. 4G-дің жылдамдығы секундына 32,59 Мбит болса, 5G одан он есе жылдам, секундына 332,11 Мбитті құрайды.
https://sputnik.kz/20250213/internet-zhyldamdygy-boyynsha-qazaqstan-alemde-songy-orynnyn-birinde-turaqtady-50836844.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0e/32915345_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_7ec4f558d39552202e77870c015a1c5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет, рейтинг, қазақстан
интернет, рейтинг, қазақстан
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ұлыбритания, Германия елдерінен озды
Елімізде 4G-ге қарағанда 5G он есе жылдам болып шықты
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Биыл наурыз айында Қазақстан мобильді интернеттің жылдамдығы жағынан әлемдік рейтингте бір сатыға көтеріліп, үздік 50 елдің қатарына енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Finprom.kz порталына сілтеме жасап.
"Ookla" халықаралық компаниясының зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы мобильді интернеттің жылдамдығы 5G желілерін дамытудың арқасында күрт өсті. Бүгінде секундына шамамен 81,7 Мбит-ті құрайды. Соның арқасында Қазақстан рейтингте Румыния, Мажарстан, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Жапония және тағы басқа елдерден басып озды. Ал Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінен де жоғары болды.
"Осылайша, Қазақстандағы мобильді интернеттің жылдамдығы Өзбекстанмен салыстырғанда 58 процентке, Қырғызстанмен салыстырғанда 75,9 процентке, Армениямен салыстырғанда 94,8 процентке, Ресейден 2,2 есеге, ал Беларусьтен 4 есеге артық болып тұр", - дейді мамандар.
Айта кетері, Қазақстанда 2023 жылдан бері 5G желілерін дамыту жұмыстары атқарылып келеді. Жылдың басында республика бойынша орнатылған 5G базалық станцияларының саны 3 мыңнан асты. 4G-дің жылдамдығы секундына 32,59 Мбит болса, 5G одан он есе жылдам, секундына 332,11 Мбитті құрайды.