https://sputnik.kz/20250817/atyraudagy-zhastar-festivalinde-70-ten-astam-bala-zhogaldy-56408508.html
Атыраудағы жастар фестивалінде 70-тен астам бала жоғалды
Атыраудағы жастар фестивалінде 70-тен астам бала жоғалды
Sputnik Қазақстан
Тіпті қолдарында телефоны бар 15-16 жастағы жасөспірімдер де адасып қалған 17.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-17T13:30+0500
2025-08-17T13:30+0500
2025-08-17T13:30+0500
атырау облысы
балалар
адасу
https://sputnik.kz/img/222/56/2225609_0:9:1280:729_1920x0_80_0_0_8a78d35a561dfd41925f586de07807f8.jpg
АЛМАТЫ, 17 тамыз - Sputnik. Атыраудағы Atyrau Jastar Fest фестивалінде 70-ден астам бала жоғалды, деп хабарлайды Ақ Жайық ақпарат порталы.16 тамызда кешке Орал жағалауында жастар фестивалі кезінде жетпістен астам бала ата-анасынан көз жазып қалған. Жоғалғандар 5 және 16 жас аралығында.Балалардың бірі сәкіде ұйықтап қалса, бірі ұялы телефон ойнап отырған. Ал бірі жылап көпшілік арасынан дамылсыз жақындарын іздеген. Тіпті қолдарында телефоны бар 15-16 жастағы жасөспірімдер де адасып, полиция пунктіне жеткізілді.Әсіресе Теңдік ауылының баласы полицейлердің ерекше назарын аударды: ол үлкен балалармен төбелесіп, киімі жыртылып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсталғандардың арасында пышақ ұстаған жасөспірімдер де болды, енді полиция концертке не үшін қарумен келгендерін анықтап жатыр."Бұл жылдағы көрініс. Осындай бұқаралық іс-шараларда балалар үнемі жоғалып жатады. Біз оларды мүмкіндігінше тезірек қайтаруға тырысамыз", - дейді ювеналды полиция инспекторы Ақбота Орнабиденова.
https://sputnik.kz/20250430/uyden-zhalanayaq-shyqqan-turkistan-oblysynda-3-zhasar-bala-adasyp-ketken-52993738.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/222/56/2225609_120:0:1257:853_1920x0_80_0_0_4fd3b2aa3e4330e3a00588633fb04496.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, балалар, адасу
атырау облысы, балалар, адасу
Атыраудағы жастар фестивалінде 70-тен астам бала жоғалды
Тіпті қолдарында телефоны бар 15-16 жастағы жасөспірімдер де адасып қалған
АЛМАТЫ, 17 тамыз - Sputnik. Атыраудағы Atyrau Jastar Fest фестивалінде 70-ден астам бала жоғалды, деп хабарлайды
Ақ Жайық ақпарат порталы.
16 тамызда кешке Орал жағалауында жастар фестивалі кезінде жетпістен астам бала ата-анасынан көз жазып қалған. Жоғалғандар 5 және 16 жас аралығында.
Балалардың бірі сәкіде ұйықтап қалса, бірі ұялы телефон ойнап отырған. Ал бірі жылап көпшілік арасынан дамылсыз жақындарын іздеген. Тіпті қолдарында телефоны бар 15-16 жастағы жасөспірімдер де адасып, полиция пунктіне жеткізілді.
Әсіресе Теңдік ауылының баласы полицейлердің ерекше назарын аударды: ол үлкен балалармен төбелесіп, киімі жыртылып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсталғандардың арасында пышақ ұстаған жасөспірімдер де болды, енді полиция концертке не үшін қарумен келгендерін анықтап жатыр.
"Бұл жылдағы көрініс. Осындай бұқаралық іс-шараларда балалар үнемі жоғалып жатады. Біз оларды мүмкіндігінше тезірек қайтаруға тырысамыз", - дейді ювеналды полиция инспекторы Ақбота Орнабиденова.