https://sputnik.kz/20250430/uyden-zhalanayaq-shyqqan-turkistan-oblysynda-3-zhasar-bala-adasyp-ketken-52993738.html
Үйден жалаңаяқ шыққан: Түркістан облысында 3 жасар бала адасып кеткен
Үйден жалаңаяқ шыққан: Түркістан облысында 3 жасар бала адасып кеткен
Sputnik Қазақстан
Үйдегілерден ерте оянған 3 жасар бала ашық тұрған қақпадан далаға шыққан 30.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-30T10:20+0500
2025-04-30T10:20+0500
2025-04-30T10:21+0500
түркістан облысы
бала
https://sputnik.kz/img/222/56/2225609_0:9:1280:729_1920x0_80_0_0_8a78d35a561dfd41925f586de07807f8.jpg
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында адасып кеткен 3 жасар бала аман-есен анасына қайтарылды, деп хабарлайды Otyrar.kz.Таңғы сағат 07:10 шамасында Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, Леңгір қаласы көшелерінің бірінде жеңіл киінген, аяқ-киімсіз кішкентай ұл бала жүргенін айтқан.Полиция баланың ата-анасын іздеу жұмыстарын жан-жақты жүргізді. Нәтижесінде өзінің ұлын іздеп жүрген әйел анықталып, полицияға жеткізілді.Таңғы сағат 06:00 шамасында анасы әдеттегідей жұмысқа шығып кеткен. Үйдегілерден ерте оянған 3 жасар бала ашық тұрған қақпадан далаға шыққан. Содан анасын іздеп, шамамен 3 шақырым қашықтыққа дейін кетіп қалған.Ал қараусыз жүрген баланы тауып алған Нұрбек Арапбаев бұл жағдайға бей-жай қарамай, бірден әрекет етіп, баланы қауіпсіз жерге жеткізеді.Нұрбекке полиция басшысы Ғалымжан Қуашбаев алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/222/56/2225609_120:0:1257:853_1920x0_80_0_0_4fd3b2aa3e4330e3a00588633fb04496.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, бала
Үйден жалаңаяқ шыққан: Түркістан облысында 3 жасар бала адасып кеткен
10:20 30.04.2025 (жаңартылды: 10:21 30.04.2025) Үйдегілерден ерте оянған 3 жасар бала ашық тұрған қақпадан далаға шыққан
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында адасып кеткен 3 жасар бала аман-есен анасына қайтарылды, деп хабарлайды
Otyrar.kz. Таңғы сағат 07:10 шамасында Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, Леңгір қаласы көшелерінің бірінде жеңіл киінген, аяқ-киімсіз кішкентай ұл бала жүргенін айтқан.
Полиция баланың ата-анасын іздеу жұмыстарын жан-жақты жүргізді. Нәтижесінде өзінің ұлын іздеп жүрген әйел анықталып, полицияға жеткізілді.
Таңғы сағат 06:00 шамасында анасы әдеттегідей жұмысқа шығып кеткен. Үйдегілерден ерте оянған 3 жасар бала ашық тұрған қақпадан далаға шыққан. Содан анасын іздеп, шамамен 3 шақырым қашықтыққа дейін кетіп қалған.
Ал қараусыз жүрген баланы тауып алған Нұрбек Арапбаев бұл жағдайға бей-жай қарамай, бірден әрекет етіп, баланы қауіпсіз жерге жеткізеді.
Нұрбекке полиция басшысы Ғалымжан Қуашбаев алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.