Алматы облысында ер адам есірткіні жүгері алқабында жасырын өсірген

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиЖүгері
Жүгері - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2025
Жазылу
Арнайы операция барысында 4,5 гектарды құрайтын шаруа қожалығының жерінен жасырын плантация анықталды
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Алматы облысында полицейлер жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсірген тұрғынды әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
15 тамызда "Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Еңбекшіқазақ ауданында арнайы операция жүргізілді.
Операция нәтижесінде 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Тексеру барысында жалпы аумағы 4,5 гектарды құрайтын шаруа қожалығының жерінен жасырын плантация анықталды. Жүгері алқабының арасында 233 түп қарасора егілгені белгілі болды. Сонымен қатар арнайы жасырылған жерден марихуана тұқымдары салынған 58 пробирка тәркіленді.
"Тәркіленген өсімдіктер сот-химиялық сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың жалпы салмағы 49 келіден асты", – дейді полиция өкілдері.
Қазіргі таңда күдікті Шелек қаласының полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Синтетикалық есірткі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2025
Есірткі дайындаумен айналысқан шетелдік екі азамат ұсталды
Жаңалықтар
0