Жеке куәлікті онлайн ресімдеу: Абай облысында тұрғындар құжаттарын алды

© АО "Национальные информационные технологииЖеке куәлік
Жеке куәлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2025
Жазылу
Жеке куәлікті онлайн ауыстыру үшін азаматтар Egov.kz электрондық үкімет порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтінім бере алады
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстанда азаматтар енді жеке куәліктің мерзімі аяқталған жағдайда оны үйден шықпай-ақ, онлайн түрде ауыстыра алады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы жаңа жүйені алғашқылардың бірі болып қолданып, онлайн өтінім берген азаматтарға дайын құжаттарын табыстады. Арнайы қабылдау барысында басқарма мамандары құжат иелерін құттықтап, алғыстарын білдіріп, шағын сый-сияпат ұсынды.
"Онлайн қызметтер халық үшін ашықтық пен тиімділікті арттырады. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасы да осы бағытта жақсарып келеді. Біз алдағы уақытта да осындай оң өзгерістерді қолдап, жаңа жобаларды енгізуді жалғастырамыз", — деді көші-қон қызметі басқармасының бастығы Бауыржан Имангажанов.
Жеке куәлікті онлайн ауыстыру үшін азаматтар Egov.kz электрондық үкімет порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтінім бере алады.
Өтінім беру тәртібі өте қарапайым: қолданылу мерзімі өткен немесе аяқталуға жақын жеке куәлікті таңдап, жаңа фотосуретті жүктеп, электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) растау жеткілікті. Құжат дайын болған соң, азамат оны өзі таңдаған халыққа қызмет көрсету орталығындағы көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерінен алып кете алады.
Абай облысында 200-ге жуық мектеп қызметкерлерінің жеке мәліметтері тарап кеткен   - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
Абай облысында 200-ге жуық мектеп қызметкерінің жеке мәліметтері тарап кеткен
Жаңалықтар
0