Абай облысында 200-ге жуық мектеп қызметкерінің жеке мәліметтері тарап кеткен

© Sputnik / Болат ШайхиновАбай облысында 200-ге жуық мектеп қызметкерлерінің жеке мәліметтері тарап кеткен
Абай облысында 200-ге жуық мектеп қызметкерлерінің жеке мәліметтері тарап кеткен   - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
Жазылу
Бұл үш орта мектеп қызметкерлерінің жеке деректері
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Бородулиха ауданының прокуратурасы үш орта мектептің 194 қызметкерінің жеке мәліметтерінің тарап кеткенін анықтады.
Бұл заңбұзушылық мемлекеттік сатып алулар порталына мониторинг жүргізу барысында белгілі болды.

"Білім беру мекемелері мемлекеттік сатып алу бойынша медициналық тексеруден өту үшін қызметкерлердің тізімдерін жариялаған, онда барлық қызметкерлердің жеке мәліметтері, оның ішінде толық анкеталық мәліметтер, ЖСН және басқа да ақпараттар көрсетілген. Заңнамаға сәйкес, мұндай мәліметтер міндетті түрде қорғалуға тиіс", - деп жазады прокуратура.

Мектеп басшылығының адамдардың жеке деректеріне қатысты талаптарды сақтамауы - жеке мәліметтердің заңсыз мақсатта пайдаланылу қаупін туғызған.
Тексеру қорытындысы бойынша мектеп директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сондай-ақ олар тәртіптік жазаға тартылды.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы жұмыс орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
16 млн адамның жеке деректері таралып кетті – министрлік мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0