46 адам көз жұмды: Костенко шахтасындағы жарылысқа кінәлілерге сот үкімі шықты
20:37 15.08.2025 (жаңартылды: 20:41 15.08.2025)

© Photo : 24.kz
Жазылу
Ең ұзақ мерзім – 8 жыл – кеніш директоры Сергей Мустивкоға берілді
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Қарағандыда 46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасындағы жарылысқа қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлады Қарағанды облыстық соты.
Костенко шахтасындағы жарылыс фактісі бойынша қылмыстық істі Әлихан Бөкейхан атындағы аудандық соты қарады. Айыпталушылар қатарында 10 адам бар.
Сот үкіміне сәйкес айыпталушыларға мынадай үкім шықты:
Сергей Мустивко, Костенко атындағы шахта директоры — 8 жыл бас бостандығынан айырылды;
Вадим Ерёмин, өндіріс жөніндегі директордың орынбасары — 7 жыл;
Николай Грознов, бас инженер — 7 жыл;
Виктор Коптенков, № 6 учаске бастығы — 7 жыл;
Владимир Гонноченко, қазба жұмыстары жөніндегі бас инженердің орынбасары — 6 жыл 6 ай;
Дмитрий Федоренко, еңбекті қорғау жөніндегі бас инженердің орынбасары — 6 жыл;
Владимир Шишканов, желдету және еңбекті қорғау учаскесінің бастығы — 5 жыл;
Дмитрий Коцар, бас механик — 6 жыл;
Виталий Пестрятак, шаң-жарылысқа қарсы қорғау учаске бастығының көмекшісі — 6 жыл;
Төлеген Ғабдүшев, конвейерлік тасымалдау учаскесінің бастығы — 5 жыл.
Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың жауаптарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді, дейді соттағылар.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың күзінде Қарағандыдағы Костенко шахтасында жарылыс болып, оқиға салдарынан 46 кенші жер астында мерт болған еді. Қылмыстық істі бас прокуратура тергеп, нәтижесінде шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адам сотқа тартылды.
Барлығына ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу). Іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды.
