Қабылданған шешімдер орындалмай отыр - вице-премьер суды бөлу туралы

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚанат Бозымбаев
Қанат Бозымбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2025
Жазылу
Бозымбаев тек талқылап, жоспарлап қана қоймай, нақты шаралар қабылдауға шақырды
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қанат Бозымбаев Орталық Азия елдерінің су шаруашылығы ведомстволары басшыларын климаттық сын-қатер жағдайында суды әділ бөлуге шақырды.
Премьер-министрдің орынбасары бұл туралы Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының 90-шы отырысында мәлімдеді.
Бозымбаевтың айтуынша, биылғы вегетациялық кезеңнің аса күрделі жағдайда өтіп жатыр.
"Шардара су қоймасындағы су көлемі көпжылдық орташа деңгейден төмендеді. Бұл – жай ғана көрсеткіш емес, ағыстың төменгі бөлігіндегі сумен қамтамасыз етілуіне төнген нақты қауіп. Өкінішке қарай, осы комиссия аясында қабылданған шешімдер толық көлемде орындалмай отыр, бұл өз кезегінде су режимдерін реттеуде елеулі қиындықтар туғызуда. Уақыт бізден анағұрлым жылдам әрекет етуді талап етеді", — деді Қанат Бозымбаев.
Осы орайда Бозымбаев тек талқылап, жоспарлап қана қоймай, нақты шаралар қабылдауға шақырды.
Озеро Балхаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2025
Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді
Жаңалықтар
0