https://sputnik.kz/20250729/qytaydan-qazaqstanga-102-mlrd-tekshe-metr-su-keldi-56003820.html
Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді
Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді
Sputnik Қазақстан
Іле өзені арқылы келген су екінші жыл қатарынан Қапшағай су қоймасын 100% толтыруға мүмкіндік берді 29.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-29T08:56+0500
2025-07-29T08:56+0500
2025-07-29T08:56+0500
балқаш
көл
қытай
https://sputnik.kz/img/07e9/07/10/55668723_0:0:1281:720_1920x0_80_0_0_ebb628082b65c6c59b99ad15facb5fa0.jpg
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. 2025 жылдың бірінші жартысында Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше биыл алғашқы алты айда Қытайдан Қазақстанға Ертіс өзені арқылы 4,6 млрд текше метр және Іле өзені арқылы 5,6 млрд текше метр су келді.Нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері Балқаш деңгейі орта есеппен 32 см-ге, яғни Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін өсті.Оның айтуынша құжатта ресурстарды тиімді әрі тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен бірлесіп кадрлар даярлау жөніндегі ынтымақтастықты нығайту көзделген.
https://sputnik.kz/20250718/qazaqstanda-su-tapshylygy-problemasy-qalay-sheshiledi--video-55751876.html
балқаш
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/10/55668723_156:0:1116:720_1920x0_80_0_0_7b5880233981e95569222a4eddab5e8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балқаш, көл, қытай
Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді
Іле өзені арқылы келген су екінші жыл қатарынан Қапшағай су қоймасын 100% толтыруға мүмкіндік берді
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. 2025 жылдың бірінші жартысында Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше биыл алғашқы алты айда Қытайдан Қазақстанға Ертіс өзені арқылы 4,6 млрд текше метр және Іле өзені арқылы 5,6 млрд текше метр су келді.
"Іле өзені арқылы келген су екінші жыл қатарынан Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасын 100% толтыруға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберуге мүмкіндік берді", - дейді мамандар.
Нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері Балқаш деңгейі орта есеппен 32 см-ге, яғни Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін өсті.
"ҚХР-мен ынтымақтастық тек трансшекаралық өзендерді ғана қамтымайды. Биыл наурыз айында Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары алғаш рет өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытай және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастығы басқармасы басшысы Нағима Әжіғұлова.
Оның айтуынша құжатта ресурстарды тиімді әрі тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен бірлесіп кадрлар даярлау жөніндегі ынтымақтастықты нығайту көзделген.