Алтайда түркілердің өркениетіне арналған халықаралық конференция өтеді

© Depositphotos.com / Anton_PetrusАлтай жазығы
Алтай жазығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2025
Жазылу
Алдыңғы конференцияға әртүрлі елдерден 70-тен астам ғалым жиналды
АСТАНА, 14 тамыз - Sputnik. 16-18 қыркүйек аралығында Алтай Республикасында "Алтай - түркілердің ата қонысы. Түркі өркениетінің шығу тарихы" ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді, деп хабарлады Ресей әскери-тарихи қоғамының баспасөз қызметі.
Конференцияға түрлі елдердің мемлекет қайраткерлері, жетекші ресейлік және шетелдік тарихшылар, түркітанушылар, алтайтанушылар, археологтар мен лингвистер қатысады.
Конференцияны ұйымдастырушылар:
Ресей Федерациясы президенті жанындағы тарихи ағартушылық жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
Алтай Республикасының үкіметі;
Ресей білім және ғылым министрлігі;
Ресей ғылым академиясының Шығыстану институты;
Ресей әскери-тарихи қоғамы;
Ресейдің "Знание" қоғамы;
Ресей тарих қоғамы.
Конференцияға құрметті қонақ ретінде "Россия сегодня" халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Дмитрий Киселев шақырылды.
2024 жылы "Алтай - түркілердің ата қонысы. Түркі өркениетінің шығу тарихы" атты бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Венгрия, Беларусь және басқа да көптеген елден 70-тен астам ғалым жиналды.
Шараны Ресей тарих қоғамы, Ресей әскери-тарихи қоғамы, Ресей ғылым академиясының Шығыстану институты және Ресейдің "Знание" қоғамы ұйымдастырды.
Ресей президенті Владимир Путин қатысушыларға құттықтау жолдап, Алтайдың түркі өркениетінің ең маңызды мәдени орталығы екенін айтқан болатын.
Конференцияда түркі өркениетінің пайда болуы, оның мәдениеті мен жазбалары, түркі халықтары мен славяндардың өзара әрекеттесу дәстүрлері туралы бірқатар ғылыми пікірталас ұйымдастырылды.
Алтай Республикасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2024
Таулы Алтай – түркілердің ата қонысы: түркі өркениетін зерттеудегі жаңа белес
Жаңалықтар
0