Таулы Алтай – түркілердің ата қонысы: түркі өркениетін зерттеудегі жаңа белес

© Sputnik / Alexandr Kryazhev / Медиабанкке өтуАлтай Республикасы
Алтай Республикасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2024
Жазылу
Түркілердің терең тарихи тамыры мен әлемдік мәдени мұрадағы маңызды рөлін талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар жиналды
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Өткен аптада "Таулы Алтай – түркілердің ата қонысы. Түркі өркениетінің пайда болу тарихы" атты бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Бұл айтулы шараға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Венгрия, Беларусь, Молдова және басқа да көптеген елден түркі мәдениеті мен оның дүниежүзілік тарихқа ықпалын зерттеуге қызығушылық танытқан 70-тен астам тарихшы, түрколог, археолог, тіл маманының басын қосты.
Конференцияны Алтай Республикасы үкіметінің қолдауымен Ресей тарих қоғамы, Ресей әскери-тарихи қоғамы, Ресей ғылым академиясының Шығыстану институты, "Знание" ресейлік қоғамы ұйымдастырды.
Конференция барысында түркі халықтарының тарихы, олардың славяндармен қарым-қатынасы, сондай-ақ мәдениеті мен жазуы туралы бірқатар ғылыми пікірталас өтті:
Таулы Алтай мен Оңтүстік Сібірдегі түркі өркениетінің материалдық мәдениет ескерткіштерін археологиялық зерттеу;
Оңтүстік Сібірдегі түркі халықтарының этнографиялық зерттеулері, түркі және моңғол халықтарының филологиялық зерттеулері;
Еуразия халықтарының тарихы, тарихнамасы және тарихи жады;
Еуразияның ортағасырлық түркі мемлекеттері: тарих белестері;
жаңа дәуірдегі Оңтүстік Сібір және Орта Азия халықтары;
Алтай халықтарының мәдениеті мен өнері.

Ресей президентінің қолдауы

Конференцияны жергілікті билік қана емес, Ресей президенті Владимир Путин де қолдап, шараға қатысушыларға құттықтау жолдады. Ол өз жолдауында Алтайдың түркі өркениетінің ең маңызды мәдени орталығы екенін айтты.
"Әлеуетті ғылыми гипотезалардың біріне сәйкес, түркілердің тарихи ата қонысы – кең байтақ Алтай тау жүйесі. Археолог ғалымдарымыздың ашқан жаңалықтарының арқасында түркі халықтарының тарихындағы Алтайдың ерекше рөлін баяндайтын түркі жазуының, рухани және материалдық мәдениетінің бірегей ескерткіштері зерттелді", - деді Владимир Путин өз жолдауында.
Ол түркі халықтарының тілдері, салт-дәстүрлері, өзіндік өмір салты Ресейдің бірегей өркениет ел ретіндегі тарихи мұрасының ең маңызды бөлігі екенін мәлімдеді. Владимир Путин форумның жаңа ғылыми жаңалықтарға қарай маңызды қадам болатынына сенім білдірді.
Басқа жоғары лауазымды шенеуніктер де шетте қалмады. Ресей Президентінің Сібір федералдық округіндегі уәкілетті өкілі Анатолий Серышев халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
"Бүгінгі таңда бірегей қуатты энергиясы бар Алтай Республикасының беделді ғалымдар мен сарапшыларды қабылдауының мәні ерекше. Мұнда тірі қарым-қатынас үшін айрықша атмосфера жасалған. Еуразиялық кеңістіктегі сындарлы күштер халықаралық ынтымақтастықты барлық салады дамытуға ұмтылуда", - деді Серышев.
Ол конференцияның өткізілуі Ресей президенті Владимир Путиннің негізгі серіктестермен ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудағы өзара іс-қимылды дәйекті түрде арттыру туралы сөзін растайтынын айтты.
"Бұл біздің тарихи мұраны бұрмалау әрекеттеріне қарсы тұруға, халықтар достығын нығайтуға, бүкіл адамзаттың мәдени әртүрлілігін сақтауға қосқан ортақ үлесіміз", - деді ол.
Алтай Республикасының басшысы Андрей Турчак Таулы Алтай ежелден бері түрлі этностардың, әлемдегі ең ірі діндердің өзара әрекеттесу аймағы, мәдениеттер мен өркениеттердің ерекше тоғысқан жері болғанын айтты. Оның айтуынша, Таулы Алтай қазірдің өзінде де осы міндетті атқарып жатыр.

Алтайдың түріктер тарихындағы ерекше орны

"Алтай – түркі өркениетінің бесігі" деген сөз конференцияда бір емес, бірнеше рет айтылды. Арасында жетекші тарихшылар, археологтар, этнографтар мен тіл мамандары бар форумға қатысушылар ерекше табиғи және мәдени ескерткіштері бар Таулы Алтай түркі халықтарының шығу тегін түсінуде шешуші рөл атқаратынын айтты.
Олардың пікірінше, Еуразия далалары мен Алтай тауларының түйіскен жерінде алғашқы түркі мәдениеттері пайда болып, тілдері, дәстүрлері мен алғашқы мемлекеттері қалыптасты.
"Еуразия барлық әлемдік діннің шыққан жері ғана емес, сонымен қатар көптеген негізгі өркениеттің де отаны. Бұл жеке мүдделер саласы, көптеген әлем ғалымдарының ғылыми пікірталастарын жүргізетін мәселе. Сондықтан біз мұнда әртүрлі елдердің өкілдерін жинап, пікір алмастық. Жалпы, көпшіліктің ұстанымы Ұлы Алтай Солтүстік Еуразияның түріктер Еуразияға тараған бөлігі деген негізгі теория төңірегінде тоғысады", - деді Ресей әскери-тарихи қоғамының төрағасы Владимир Мединский.
Конференцияда түркі өркениетінің бастауы, оның мәдениеті мен жазуы, түркі халықтары мен славяндардың өзара қарым-қатынас дәстүрлері туралы бірқатар ғылыми пікірталастар жүргізілді. Конференцияның қорытындысы бойынша қорытынды резолюция қабылданады.
Алтай мемлекеттік университетінің ректоры Сергей Бочаровтың "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығының жұмысының нәтижелерімен таныстырған баяндамасы конференцияның орталық баяндамаларының бірі болды.
"Ұлы Алтай орталығы Біріккен Ұлттар Ұйымы, ТҮРКСОЙ, ЮНЕСКО, ҰҚШҰ сияқты ұйымдармен қатар, ғылыми түркітану саласындағы басты "ньюсмейкерлердің" біріне айналды. Мен барлық шетелдік әріптестерімізге алғыс айтқым келеді, өйткені бұл біздің бірлескен жұмысымыздың айқын нәтижесі", - деді ол.
Конференцияда археологиялық зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді. Алтай тауларының аумағында түріктердің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері бар, олардың таралуы Түрік қағанаты мен оның мұрагері болған саяси құрылымдардың қазіргі Алтай, Тува, Хакас-Минусинск алабы, Моңғолия, Шығыс Қазақстан және Қырғызстан территориясындағы ықпал ету аясымен сәйкес келеді.
"Алтай таулары мен Оңтүстік Сібірдегі түркі өркениетінің материалдық мәдениеті ескерткіштерін археологиялық зерттеу" бөлімінде ғалымдар мәдени-тарихи мұраларды, атап айтқанда, Алтай тауларындағы ескерткіштерді сақтау қажеттігін және жаңа олжалардың маңыздылығы жөнінде айтты. Негізгі тақырыптар түркі мүсіндерінің жаңа олжалары, Ыстықкөлдегі су астындағы зерттеулер, түркі дәуірінің ескерткіштері, руна жазуларды ашу және түріктердің шаруашылық өмірін қамтыды. Сондай-ақ Шибе ауылы маңындағы қорғандар мен V-IX ғасырлардағы татарлардың рөлін зерттеуге де назар аударды.
Конференцияда филология және лингвистика саласындағы өзекті мәселелер мен бағыттар, билингвизм тақырыптары, славян тілдеріндегі болгар сөздері, сондай-ақ Қазан университетіндегі түркітану келешегі және чуваш тілінің сөздік морфологиясының ерекшеліктері талқыланды.
Конференция түркі өркениетін одан әрі зерттеудің негізгі бағыттарын белгілеген қарар қабылдаумен аяқталды. Қатысушылар осы тақырыпты зерттеуде халықаралық ынтымақтастық пен пәнаралық тәсілдің маңыздылығын айтты.
Конференция соңында қорытындылар шығарылып, ғылыми зерттеулерді дамытудың алдағы жолдары белгіленді. Шығыстанушы, профессор Юлия Лысенко халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен ғылыми бастамаларды дамытудың маңыздылығына тоқталды. Ол "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-зерттеу орталығының түркі халықтарының тарихи мұрасын зерделеу, сақтау және насихаттау бағытындағы жұмысы алты жылға жуық уақыт бойы жалғасып, өз жемісін беріп жатқанын айтты.
Оның айтуынша, "Үлкен Алтай" зерттеу, білім беру, ғылыми және танымдық аспектілерді қамтитын кешенді жоба.
"Таулы Алтай – түркілердің ата қонысы" атты конференция түркітану ғылымының дамуына, тарих пен мәдени тамыры ортақ елдер арасындағы ғылыми байланысты нығайтуға маңызды қадам болды.
Участники второго Международного алтаистического форума Тюрко-монгольский мир Большого Алтая: историко-культурное наследие и современность (Барнаул, октябрь 2021) - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2021
Әлем
"Үлкен Алтай" Орталық Азия елдерін түркі әлемін зерттеу үшін біріктірді
Жаңалықтар
0