Әлем

"Үлкен Алтай" Орталық Азия елдерін түркі әлемін зерттеу үшін біріктірді

© Photo : пресс-служба АлтГУУчастники второго Международного алтаистического форума "Тюрко-монгольский мир Большого Алтая: историко-культурное наследие и современность" (Барнаул, октябрь 2021)
Участники второго Международного алтаистического форума Тюрко-монгольский мир Большого Алтая: историко-культурное наследие и современность (Барнаул, октябрь 2021) - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
"Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен көптүрлілік" халықаралық жобасы алғаш рет Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей ғалымдары, оқытушылары мен студенттерінің басын қосты
Бұл туралы жобаны ұйымдастырушылар – Алтай мемлекеттік университетінің "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығы ("Үлкен Алтай" АлтайМУ ҒБО) хабарлады.
"Жоба идеясы сонау 2012 жылы Алтай мемлекеттік университетінде халықаралық Азия зерттеулері орталығы ашылып, оқу орны Шанхай ынтымақтастық ұйымына кірген кезде пайда болды. Сол уақыттан бері түркітану, алтайтану тақырыптары біз үшін басымдыққа ие болды. 2019 жылы университетте "Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен көптүрлілік" жобасы іске қосылды. Түркі әлемінің мәдени-өркениетті негіздерді зерттеу тақырыптары бойынша Орталық Азия елдері ғалымдарының интеграциясы осы жобаның мақсаты болды. Осылайша оқу орнында "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығы ("Үлкен Алтай" ҒБО) құрылды", - деді жоба жетекшісі, Алтай мемлекеттік университетінің президенті Сергей Землюков.
© Photo : пресс-служба АлтГУ"Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі, Алтай мемлекеттік университетінің президенті Сергей Землюков пен "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығы халықаралық сарапшылар кеңесінің төрағасы Анатолий Деревянко.
Руководитель НОЦ алтаистики и тюркологии Большой Алтай, президент АлтГУ  Сергей Землюков и председатель международного экспертного совета НОЦ алтаистики и тюркологии Большой Алтай, академик РАН Анатолий Деревянко на открытии Международной школы молодых ученых — тюркологов и алтаистов - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
"Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі, Алтай мемлекеттік университетінің президенті Сергей Землюков пен "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығы халықаралық сарапшылар кеңесінің төрағасы Анатолий Деревянко.
Жоба бойынша 2021 жылғы жұмыс қорытындысын баяндаған Алтай мемлекеттік университеті жанындағы "Үлкен Алтай" БҒО халықаралық сарапшылық кеңесінің төрағасы, академик Анатолий Деревянко биыл кең ауқымда жаңа қатысушылар тартылғанын атап өтті.
"2021 жылы тағы 31 ғылыми-білім беру мекемесі және 22 университет пен ғылыми институт жобаға қосылды. Қазіргі уақытта Үлкен Алтай елдерінің ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдері болып саналатын 72 ғалым жұмыс істеп жатыр. Ең бастысы – жас ғылыми қызметкерлер саны артып келеді", - деді ол.
"Үлкен Алтай: Ресей-Қырғызстан, 2021" этнографиялық экспедициясы осы жылдың маңызды оқиғасына айналды. Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің (Баласағұн атындағы ҚҰУ) ректоры Қанат Садықовтың айтуынша, Қырғызстан аумағында мұндай сипаттағы халықаралық экспедиция 50 жылға жуық уақыттан бері болмаған.
"Ғалымдар тобы заманауи көшпенділердің тұрмысы мен материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін зерттеп, дәстүрлі элементтер – тұрғын үй, мал шаруашылығы, қолөнер және тағы басқаларына мән берді. Жалпы, экспедиция материалдары дәстүрлі мәдени құндылықтардың тұрақтылығы мен трансформация процестерін айшықтай түсті. Салыстырмалы материал үшін Алтай көшпенділері тіршілік ететін аумақта осындай этнографиялық экспедицияларды жалғастыру өте қызықты болып отыр", - деп атап өтті ол.
© Photo : КНУ имени Ж. БаласагынаЖүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің ректоры Қанат Садықов
Ректор Кыргызского национального университета имени Жусупа Баласагына (КНУ им. Баласагына) Канат Садыков - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің ректоры Қанат Садықов
Экспедиция қорытындысы бойынша дөңгелек үстел және фотокөрме өтті. Қазір қырғыз және ресейлік ғалымдар "Қырғыз-Алтай этногенетикалық және этномәдени байланысы" атты монография дайындап жатыр.
Сондай-ақ жоба аясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Алтай мемлекеттік университетімен бірлесіп, "Ұлы Алтай – түркілердің атақонысы" виртуалды музейін жасақтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
"Бұл ресурста түркі өркениетінің материалдық және көркем мәдениетіне жататын ең маңызды жетістіктері мен ескерткіштері қамтылады. 3 қарашада Алтай мемлекеттік университетінің өкілдерімен өткен кездесуде 3D форматындағы археологиялық экспонаттардың жайы талқыланды. Әрбір келуші виртуалды музейдің сайтынан Қазақстан, Ресей, Моңғолия және Қытай музейлеріндегі түркілердің мәдениеті туралы барлық материалды тамашалай алады", - деді С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректоры Мұхтар Төлеген.
Биыл жоба аясында М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің (ӨзҰУ) журналистика факультеті өкілдерімен белсенді өзара әрекеттестікке қол жетті. Алтай мемлекеттік университеті "Үлкен Алтай" ҒБО Өзбекстан Ұлттық университетімен бірлесіп, 2022 жылы "Үлкен Алтай медиа кеңістігінің әлеуметтік қауіпсіздігі" бағыты бойынша магистратура бағдарламасын іске қосуға дайындалып жатыр.
© Photo : Национальный университет Узбекистана им. М. УлугбекаӨзбекстан Ұлттық университетінің журналистика факультетітінің студенттері
Студенты факультета журналистики из Узбекистана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Өзбекстан Ұлттық университетінің журналистика факультетітінің студенттері
"ХХІ жүз жылдықта әрбір халық қауіпсіздік пен тығыз мәдениетаралық байланыс арқылы ғана өзінің өрлеуін қамтамасыз ете алатындықтан, болашақ журналистердің өз арғы тегі жайлы білуі маңызды. Журналистердің білімпаздығы, жоғары кәсібилігі мен толеранттылығы көп жағдайда мәдениетаралық коммуникация процесінің мәні және сапасын анықтайды. Бұл бағытта мамандарды даярлау бүкіл Үлкен Алтайдың тұрақтылығы мен тұрақты дамуы жолындағы маңызды қадам болып отыр", - деді Өзбекстан Ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы Махлие Мирсоатова.
"Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен көптүрлілік" жобасын 2019 жылдан бері РФ ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Алтай мемлекеттік университеті жүзеге асырып келеді.
Жаңалықтар
0